2025 жыл ішіндегі «Теплосервис-Ақсу» КМК жылу энергиясын беру, тарату және қызметінің қорытындысы бойынша есеп

«Теплосервис-Ақсу» КМК табиғи монополиялар субъектісі ретінде, Ақсу

қаласы және Ақсу шағын ауданының тұтынушыларына жылуды тарату,

беру және жабдықтау қызметін көрсетеді.

«Теплосервис-Ақсу» КМК 2025 жылға арналған тарифтік құрамдас бөлігі

шеңберінде ұзындығы 1,025 км жылу желілеріне және ыстық сумен жабдықтауға күрделі жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар ұзындығы 0,2 км жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 46 млн теңгеге аяқталды.

Жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын «Павлодар облысы Ақсу қаласының (Ақсу кенті, № 3, 5, 8 шағын аудандары) орамішілік жылу желілерін қайта құру» жобасының ІІ кезеңі аяқталды.

2025 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде ұзындығы 31,5 м жылу желілеріне жалпы құны 25266 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргзілді.

2026 жылға арналған тарифтік смета шеңберінде жылу желілерінің 6 учаскесінде 41,0 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жоспарланған.            Ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда, оған тексеру және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қанағаттанарлықсыз жағдайда тұрған қала магистральдық құбырларының ысырмаларын ауыстыру кіреді.            «Коммуналдық  және энергетикалық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде электронды платформада 2 жоба келісілді: «Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы Ленин көшесі бойынша ұзындығы 1,5 км, құны 2,3 млрд теңгені құрайтын жылу желілерін қайта жаңғырту» және «Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы, Астана көшесі бойынша ұзындығы 0,4 км құны 602 млн тенгені құрайтын магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту».            Осы жобаларды жүзеге асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, мердігермен келісім-шарттар жасалды. Жұмыстарды орындау мерзімі - 2026 жылдың сәуір-қазан айлары.

Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтерінен

түскен табыс 1 522 660 мың теңгені құрады. Өзге табыстар – 326 026  мың теңге.

Негізгі қызметке байланысты шығыстар 182 1021 мың теңгені құрады.

Өзге шығыстар – 273 104 мың теңге. 2025 жылғы зақымдану – 245 439 мың теңге.

2025 жыл ішінде бюджет алдында салықтар мен төлемдер бойынша берешек жоқ.

2025 жылға арналған реттелетін қызметтер бойынша «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметі туралы толық есеп  http://teploaksu.kz сайтында орналастырылды.

 

«Теплосервис-Ақсу» КМК