2023 жылғы 1-жартыжылдық ішінде «Теплосервис-Ақсу» КМК

жылу энергиясын беру,тарату және жабдықтау бойынша

тарифтік сметаны орындау туралы  есеп

 

Табиғи монополиялар субъектісі ретінде «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметі «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша  департаменті» РММ уәкілетті органымен реттеледі.

Кәсіпорын  Ақсу қаласының объектілерін және өндірістік үй-жайларын,  елді мекендерін жылумен жабдықтау қызметін көрсету саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады

Негізгі қызмет түрі - Ақсу қаласына жылу энергиясын беру мен тарату және Ақсу шағын аудандарын жылу энергиясымен жабдықтау.    

Кәсіпорынның өндірістік қуаты:

Желілердің жалпы ұзындығы – 99026 м, соның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 89945 м, оның ішінде магистральды -16560 м, тарату – 82466 м.

«Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалына тиесілі ОЖҚ-2 Ақсу қаласын жылумен қамту көзі болып табылады. Ақсу қаласы бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға жылу желілерінің ұзындығы 89945 м құрайды.

 

Реттелетін қызметтерді көрсету көлемі:

2023 жылғы 1 жартыжылдық ішінде нақты көлем 251651 мың Гкал құрады, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі – 242885мың Гкал, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша – 8766 мың Гкал.

 

Кәсіпорынның 2023 жылғы 1-жартыжылдық ішіндегі қаржылық-экономиялық көрсеткіштері:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мына тарифтер қолданылды:

  • 1102,76 теңге/Гкал жылу энергиясын беру және тарату қызметіне;
  • Ақсу шағын ауданының тұтынушыларын жылумен жабдықтау қызметіне – 2586,44 теңге/Гкал,
  • Ақсу кентінің басқа тұтынушыларын жылумен жабдықтау қызметіне– 3169,17 теңге/Гкал.

Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түскен кіріс 297755 мың теңгені құрады. Басқа кірістер – 7604 мың теңге.

Негізгі қызметке байланысты шығыстар 330309 мың. теңгені құрады. Өзге шығыстар – 1375 мың теңге. 2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бюджет алдында берешек жоқ.

         2023 жылдың 1 жартыжылдығында кәсіпорынмен барлығы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша ұзындығы 476,4 м сметалық құны 15 769,263 мың теңгеге іс-шаралар жүргізілді, 2 жартыжылдыққа ұзындығы 423 м сметалық құны 17651,114 мың теңгеге іс-шаралар жоспарланған, ол жоспарланған жұмыстардың  100 %-ын құрайды.

Бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде жалпы құны 11873,571мың теңге ұзындығы 550,4 м жылу желілеріне жөндеу өткізілді.     

  1. ТК222-ден ТК 226-ға дейін, ұзындығы 19,5 м д150мм оқшаулауды ауыстыру;
  2. ТК461-ден ТК466-ға дейін ұзындығы 187 м, д 100 мм, Әуезов көшесіндегі, 87, 87а (40 ш.а) үйлер арқылы жылу трассаны қайта құру;
  3. Әуезов көшесінен бастап Әуезов көшесі, 4а (1 а ш.а) дейін ұзындығы

163,9, д 150 мм жылу трассаны қайта құру.

     Бағдарламаны қаржыландыру көздерімен көрсетілген қызметтерге тарифтің құрамында амортизациялық аударымдармен пайда анықталады.

     Инвестициялық бағдарламаланың іс-шаралары көрсетілетін

қызметтердің сапасын арттыруға және энергияның нормативтік ысыраптарын азайту азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тартылған активтердің сенімділігін арттыруға бағытталған.

 

Тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы:

Кәсіпорын реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен тұрақты тығыз қарым-қатынаста болады. Қызметтерді көрсету фактісі бойынша салыстыру актісі жасалады және тұтынушылардың атына счет-фактуралар, орындалған жұмысы актісі беріледі, олар кәсіпорын өкілдерімен және қызметтің тұтынушыларымен қол қойылады. Сонымен қатар  тұтынушылармен заңнамаға сәйкес жұмыстар өткізіледі-тұтынушылар алдында қызметтерді ұсыну бойынша қоғамдық тындалым, сонымен қатар тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау бойынша қоғамдық тындалым, қызмет көрсету жөніндегі қызмет туралы  ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады, тұтынушыға тарифтердің өзгеруі туралы хабарлайды.

Тұтынушымен қарым-қатынаста этикалық-құқықтық нормалар сақталады және түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.