«Теплосервис-Ақсу» КМК-ның 2022 жылғы 1 жарты жылдығы ішіндегі жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау қызметінің қорытындысы бойынша есеп 

«Теплосервис-Ақсу» КМК-ның 2022 жылғы 1 жарты жылдығы ішіндегі жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау қызметінің қорытындысы бойынша есеп 

Тасымалдау, жеткізу

Кәсіпорын табиғи монополиялар субъектісі ретінде Ақсу қаласына жылу энергиясын беру, тарату және Ақсу шағын ауданын  жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттелетін қызметтерді көрсетеді.

2022 жылғы 1 жарты жылдығы ішінде кәсіпорынмен  барлығы 2022-2023 жылыту маусымына дайындық бойынша ұзындығы 281,75 м сметалық құны 9354,468 мың теңге іс-шаралар жүргізілді, 2 жартыжылдыққа іс-шаралар жоспарлануда, ұзындығы 764,6 м, сметалық құны 21147,907 мың теңге, бұл жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемі 100% құрайды.

     Бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2021жылғы 1 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңде жалпы құны 25003,00 мың теңге ұзындығы 122 м жылу желілеріне жөндеу өткізілді. Инвестициялық бағдарламаға сәйкес Ақсу қаласы 10  шағын ауданы   ТК130- дан ТК140 дейін жылу трассасы учаскесінде  бөлшектеу өткізілді және ұзындығы 122 м диаметрі 600 мм құбырлар ауыстырылды. Жұмыстар 100%-ға орындалды.

          2022 жылғы 1 жартыжылдығы ішіінде қала және Ақсу шағын ауданы бойынша жылу энергиясын беру көлемі 241 898 мың Гкал, оның ішінде беру және тарату бойынша 232 228 мың Гкал, Ақсу шағын ауданында тұтынушыларды жабдықтау бойынша қызметтердің көлемі 9670 мың Гкал құрады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мына тарифтер қолданылды:

  • 1063,22 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда) жылу энергиясын беру қызметіне;
  • Ақсу шағын ауданының тұтынушыларын жылумен жабдықтау қызметіне – 2440,00 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда), басқалар– 2906,13 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда).

Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түскен кіріс 279 259 мың теңгені құрады. Басқа кірістер – 27 781 мың теңге.

Негізгі қызметке байланысты шығыстар 253 839 мың. теңгені құрады. Өзге шығыстар – 4872,0 мың теңге.

Кәсіпорын реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс өткізіледі, тұтынушыға тарифтердің өзгеруі туралы хабарлайды. Жұмыстардың сапасына қатысты сұрақтар мен шағымдар түскен жоқ.