2026 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі «Теплосервис-Ақсу» КМК жылу энергиясын беру, тарату және өткізу қызметінің қорытындысы бойынша есеп

 

«Теплосервис-Ақсу» КМК табиғи монополиялар субъектісі ретінде, Ақсу қаласы және Ақсу шағын ауданының тұтынушыларына жылуды беру, тарату және өткізу қызметін көрсетеді.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпорын 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында жалпы ұзындығы 616 метр жылу желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізді, жалпы сметалық құны 40 775,368 мың теңгені құрады, оның ішінде жоспарлы күрделі жөндеу бойынша – 81 метр, сомасы 9 231, 887 мың теңге, жоспардан тыс күрделі жөндеу бойынша – 535 метр, сомасы 31 543, 481 мың теңге.            2026 жылдың екінші жартыжылдығына жалпы ұзындығы 667 метр жылу желілерін жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жалпы құны 62 281, 624 мың теңгені құрайды, оның ішінде жоспарлы күрделі жөндеу бойынша  - 288 метр жылу желісі, сомасы 32 139,113 мың теңге (мердігер ұйым – «НурБарсГрупп» ЖШС), жоспардан тыс күрделі жөндеу бойынша – 269 метр жылу желісі және 110 метр ыстық сумен жабдықтау (ЫСЖ) желілері, сомасы 30 142, 511 мың теңге. Аталған жұмыстар жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемінің 100-%-ын құрайды.

Ақсу қаласы және Ақсу шағын ауданы бойынша жылу энергиясын беру көлемі 225,369 мың Гкал құрады.

  • жылғы 1 қаңтардан бастап мына тарифтер қолданылды:
  • 7978,88 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда) жылу энергиясын беру және өткізу қызметіне.

Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтерді

көрсетуден түскен кіріс 1 436 550, 90 мың теңгені құрады. Басқа кірістер – 4879,8  мың теңге.

Негізгі қызметке байланысты шығыстар 1 937 130 мың. теңгені құрады.

Өзге шығыстар – 25,0 мың теңге. 

2026 жыл ішінде бюджет алдында салықтар мен төлемдер бойынша берешек жоқ.

2026 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі реттелетін қызметтер бойынша «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметі туралы толық есеп  http://teploaksu.kz сайтында орналастырылды.

 

«Теплосервис-Ақсу» КМК