2022жылғы Теплосервис-Ақсу КМК қызметінің қорытындысы бойынша есеп

2022жылғы Теплосервис-Ақсу КМК қызметінің  қорытындысы бойынша есеп 

 

Жылу желілерінің ұзындығы: барлығы – 99026,425 м құрайды, оның ішінде:

Ақсу қаласы бойынша  – 89945,425 м, оның ішінде:

- магистральді – 14191 м (ППУ 8874,635  ) 63%, 

- тарату – 75754,425 м (ППУ 26330,56) 35%,

Ақсу шағын ауданы бойынша-9081 м, оның ішінде: 

- магистральді – 2369 м (ППУ

            - тарату – 6712 м

 

2022-2023 жылыту маусымына дайындық бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде кәсіпорынмен жылу желілерін ауыстыру бойынша келесі жұмыстар орындалды ұзындығы 1246,35 м, сметалық құны 32939,062 мың теңге, оның ішінде күрделі жөндеу 1046,35 м - сметалық құны 30502,375 мың теңге, ағымдағы жөндеу жұмысы 200 м - сметалық құны 2436,687 мың теңгені құрайды. Күрделі жөндеу бойынша жоспар 100% орындалды, бұл жеті ірі нысанды құрайды.

 

          Сонымен, маусым айында жылу трассаларын жөндеу жұмыстары аяқталды:

  1. ТК16-дан ТК17-ге дейін, ТК15-тен Ақсу қаласы, 5 шағын аудан, Астана көшесі,27-үйге дейін жылумен жабдықтау құбырлары, диаметрі 100 мм, 150 мм, 200 мм, жалпы ұзындығы – 136 м (2022 жылғы 19 мамырдан бастап 2022 жылғы 01 маусымға дейін).
  2. ТК165-тен Ақсу қаласы, 1 шағын аудан, Әуезов көшесі, 1, 1а, 1б-үйлеріне дейін жылумен жабдықтау және ЫСЖ құбырлары, диаметрі 70 мм, 80 мм, 100 мм, жалпы ұзындығы – 96 м (2022 жылғы 06 маусымнан бастап 2022 жылғы 16 маусымға дейін).
  3. ТК1-ден ТК107-ге дейін (, Ақсу қаласы, 8 «а» шағын аудан, Қамзин көшесі) жылумен жабдықтау құбырлары, диаметрі 150 мм, жалпы ұзындығы – 50 м (2022 жылғы 13 маусымнан бастап 2022 жылғы 17 маусымға дейін).

 

Шілде айында жылу трассаларын жөндеу жұмыстары аяқталды:

  1. ТП1-ден Ақсу қаласы, 1 шағын аудан, Әуезов көшесі, 9, 9а,м 9б-үйлерге  дейін (транзит) жылумен жабдықтау және ЫСЖ құбырлары, диаметрі 80 мм, 100 мм, 150 мм, жалпы ұзындығы – 200 м (2022 жылғы 22 маусымнан бастап 2022 жылғы 15 шілдеге дейін).
  2. ТК 608/1-ден Ақсу қаласы, 11 шағын аудан, Қамзин көшесі, 28-үйге  дейін  жылумен жабдықтау құбырлары, диаметрі 80 мм, 100 мм, жалпы ұзындығы – 133 м (2022 жылғы 11 шілдеден бастап 2022 жылғы 15 шілдеге дейін).

 

         Тамыз айында жылу трассаларын жөндеу жұмыстары аяқталды:

  1. Ақсу қаласы, Абай көшесі, 37-үйдің ойымынан Ақсу қаласы, 6 шағын аудан Иртышская  көшесі, 49,51-үйлердің ойымына дейін  жылумен жабдықтау және ЫСЖ құбырлары, диаметрі 80 мм, 70 мм, 50 мм, жалпы ұзындығы – 260,6 м (2022 жылғы 11 шілдеден бастап 2022 жылғы 10 тамызға дейін).
  2. ТК6-дан ТК6/1-ге дейін, Ақсу қаласы, 1 «а» шағын аудан жылу трассасы, диаметрі 150 мм, жалпы ұзындығы – 171 м (2022 жылғы 19 мамырдан бастап 2022 жылғы 01 маусымға дейін).



2021-2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға сәйкес Ø600мм жылу құбырын ауыстыру жұмыстары орындалды, ұзындығы – 122 м ТК130-дан ТК140-қа дейін, жалпы сметалық құны 25003,000 мың теңге ҚҚС-ын есепке алмағанда.

 

          2-ОЖҚ «Казхром» АҚ 3-5 мамырда және «ЕЭК» АҚ ЭС 16-18 мамырда күрделі жөндеу алдында жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізілді. - Гидравликалық сынақтар барысында Ақсу қаласында 5 және Ақсу шағын ауданында (Ақсу кенті) 1 зақымдану анықталды, олар қысқа мерзімде жойылды:

  1. Әуезов көшесі, ТК112-Әуезов көшесі,55 арасында Ø70мм, 06.05.2022 ж.
  2. М.Мәметова көшесі, ТК9-«Достық» сауда үйі арасындаØ300мм,06.05.2022 ж.
  3. Астана көшесі, ТК10а- «Астана» сауда үйі арасында Ø80мм, 06.05.2022 ж.
  4. Ленин көшесі, ТК789- ТК791 арасында Ø700мм, 11.05.2022 ж.
  5. Ленин көшесі, ТК27а Ø700мм, 12.05.2022 ж.
  6. Ақсу шағын ауданында ТК96-Бейбітшілік 1/1 арасында Ø50мм, 20.05.2022 ж.

Сонымен қатар кәсіпорынмен ТК818-ден ТК819-ға дейінгі жылу желісін

ағымдағы жөндеу (Пушкин-Астана қиылысы), ТК6б-дан ТК6а-ға дейін ысырманы шығару (Астана көшесі, сапаржай), ТК6б жылу камерасын бөлшектеу жүргізілді.

«Теплосервис-Ақсу» КМК ақпан айынан бастап 3 км шақырымға жуық жылу желілерін оқшаулау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар учаскелерді абаттандыру, шөп шабу, жылу камераларын сырлау жұмыстары жүргізілді.

15.08.2022-18.08.2022 аралығында Ақсу қаласында, 22.08.2022 мен 23.08.2022 аралығында Ақсу шағын ауданында (Ақсу кенті) жылу желілеріне күрделі жөндеуден кейін гидравликалық сынақтар жүргізілді, гидравликалық сынақтар барысында Ақсу қаласында 5 зақымдану анықталды:

  1. Вокзальная көшесі, ТК23- ТК24 арасында Ø700мм, 20.08.2022 ж.
  2. Қамзин көшесі, ТК550а Ø400мм, 20.08.2022 ж.
  3. Әуезов көшесі, ТК140- ТК130 арасында Ø600мм (25.08.2022 ж. дейін)
  4. Ленин көшесі, ТК792 Ø700мм, 23.08.2022 ж.
  5. Ленин көшесі, ТК27а-ТК 794 Ø700мм (23.08.2022ж.)

 

2022 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді:

  1. 1 шағын аудан, ТК817-ден Строителей көшесі, 31/1,29/1,29,27/1-үйлеріне

дейін жылу трассасын ауыстыру.

  1. Жапқышты ауыстыру Ø 800мм  НП4
  2. Жапқышты ауыстыру Ø 600мм ТК130

Кәсіпорынмен 1,7,7а шағын аудандарында 5 дана көлемінде жылу алмастырғыштарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар Ақсу қаласындағы «Теплосервис-Ақсу» КМК мен «Қазхром» ТҰК» АҚ және Ақсу шағын ауданындағы «Теплосервис-Ақсу» КМК мен «ЕЭК» АҚ қосылу шекараларында жылуды есепке алу аспаптарына монтаждау жүргізді. 

 

2023 жылға кәсіпорын ұзындығы 891м жылу желілерін ауыстыруды жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстары өз есебінен жүргізіледі:

  1. ТК21-ден ТК215-ке дейін, Ақсу қаласы, 8 шағын аудан жылумен жабдықтау құбыры, диаметрі 150 мм, жалпы ұзындығы – 62м.
  2. ТК206-дан №18 бала бақшаға дейін, Ақсу қаласы, 8 шағын аудан, Қамзин көшесі, 7 жылумен жабдықтау құбыры, диаметрі 70 мм, жалпы ұзындығы – 126,5м.
  3. ТП7а-дан Ақсу қаласы, 7а шағын аудан, Набережная көшесі, 25-үйге дейін жылумен жабдықтау және ЫСЖ құбыры, диаметрі 150 мм,100 мм, 80 мм, жалпы ұзындығы – 145,5м.
  4. ТК4а-дан ТК207-ге дейін, Ақсу қаласы, 8а шағын аудан жылумен жабдықтау құбыры, диаметрі 150 мм, жалпы ұзындығы – 38,6м.
  5. ТК320-дан ТК328-ге дейін, Ақсу қаласы, 8а шағын аудан жылумен жабдықтау құбыры, диаметрі 100 мм, 80 мм, жалпы ұзындығы – 298м.
  6. ТК98-ден Ақсу қаласы, 5 шағын аудан, М.Мәметова көшесі, 30-үйге дейін жылумен жабдықтау құбыры, диаметрі 100 мм, жалпы ұзындығы – 41 м.
  7. ТП7-ден ТК129-ға дейін, Ақсу қаласы, 7 шағын аудан жылумен жабдықтау және ЫСЖ құбыры, диаметрі 100 мм, 50 мм, жалпы ұзындығы – 65 м.
  8. ТП7/1-ден ТК116-ға дейін, Ақсу қаласы, 7 шағын аудан ыстық сумен  жабдықтау құбыры, диаметрі 70 мм, 50 мм, жалпы ұзындығы – 59,8 м.
  9. Ақсу қаласы, 1а шағын аудан, Әуезов көшесі, 4в-үйден Әуезов көшесі, 4а-үйге дейін ыстық сумен жабдықтау құбыры, диаметрі 80 мм, жалпы ұзындығы – 40 м.

 

2022-2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға сәйкес жылу желілерін жөндеу жұмыстары жоспарланған, жалпы сомасы 25086,00 теңге, жалпы ұзындығы – 709,6 м трасса, оқшаулауды ауыстыру – 553,5 м трасса.

 

          2023 жылға келесі учаскелерде жұмыстарды орындау жоспарлануда:

 

  1. ТК461-ден 10 шағын аудан, Әуезов көшесі, 87 а-үйге дейін жылу трассасы, диаметрі 100 мм-85 мм, диаметрі 80 мм- 102 мм.
  2. ТК7а-дан Әуезов көшесі, 31-үйге дейін, ТК8-ден М.Мәметова көшесі, 3 үйге дейін, ТК35-ден 3 шағын аудан, М.Мәметова көшесі, 5-үйге дейін жылу трассасы, диаметрі 80 мм-127 мм, диаметрі 150 мм- 193,2 мм, диаметрі 100 мм- 38,5 мм.
  1. Ақсу шағын ауданы, Өнеркәсіптік ауданының жылу желілерінің құбырын жөндеу, диаметрі 200мм, 300мм -354м.
  2. ТК 222-ден ТК226-ға дейінгі жылу трассасы 1мкр (оқшаулау) Д. 150мм-  

     199,5 м.

  1. Әуезов көшесі бойынша жылу трассасы Әуезов көшесі 4а, 1 ш / а,д150-

   163,9 м үйіне дейін









2022 жылға арналған қаржылық есептіліктің көрсеткіштері

 

«Теплосервис-Ақсу» КМК шаруашылық жүргізу құқығындағы заңды тұлға, Ақсу қаласының әкімдігі құрылтайшысы, Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, ПТ және АД» ММ мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Қызмет түрлері:

     - Ақсу қаласы бойынша: жылу энергиясын беру және тарату

- Ақсу кенті бойынша: жылу энергиясымен жабдықтау

  • жылу энергиясын беру және тарату тарифі 1102,76 теңге/Гкал құрайды;
  • жеке тұлғаларды жылу энергиясымен жабдықтау тарифі 2586,44 теңге/Гкал, заңды тұлғалар үшін 3169,17 теңге/Гкал.

 

Ақсу кенті бойынша абоненттер саны 939, оның ішінде - тұрғындар саны – 906, ММ – 10, басқа заңды тұлғалар – 23

 

Кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны - 9 адамды құрады.

Жылдық еңбекақы төлеу қоры 231 290 мың теңге құрайды.

Орташа жалақы айына 173 642 теңге құрайды.

Кәсіпорын бойынша ең төменгі жалақы 101 800 теңге құрайды.

2022 жылға қызметтен жалпы кіріс 493 766 мың теңге құрады, оның ішінде

- негізгі қызметтен түскен табыс 454 348 мың теңге 

              - басқа табыстар 39418 мың теңге (жылу желілерді жөндеу, айыппұлдар, желілік суды ағызу, электр/энергия шығындарын өтеу, активтерді сыйға тартудан түскен кіріс, сыйақыдан түсетін кіріс)

 

Есепті кезеңдегі кәсіпорынның шығыстары 492 770 мың теңге құрады.

- Сатылған өнімнің өзіндік құны – 430 956 мың теңге (негізгі құраушылары: қызметкерлердің негізгі өндірістік жалақысы, жалақыдан аударымдар, амортизация, күрделі және ағымдағы жөндеу, нормативтік-техникалық ысыраптар, "ЕЭК" АҚ сатып алу жылу энергиясы, жылу энергия, өзге де қызметтер). 

- Әкімшілік шығыстар - 56595 мың теңге (ӘБҚ жалақысы, жалақыдан аударым, салықтар, амортизация, шаруашылық қажеттілікке жұмсалған шығындар, байланыс қызметтері, банк қызметтері, сақтандыру, өзге де қызметтер) ;

- Өзге шығыстар - 5219 мың теңге - (таза кірістің бір бөлігін шегеруге арналған шығыстар, сыйақыға арналған шығыстар, активтерді шығаруға арналған шығыстар (KIA Sorento).

Есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметінің жедел деректері бойынша 996 мың теңге көлемінде пайда алынды.

 

2023 жылғы 1 қаңтарға тұтынушылардың қысқа мерзімді кредиторлық

берешегі 63013 мың теңге құрады, оның ішінде АФЗ – 48358 мың теңге; заңды тұлғалар – 4280 мың теңге; тұрғындар – 10375 мың теңге, соның ішінде мерзімі өткен -3800 мың теңге (Жұмыстың жоқтығынан және қоғамға қарсы және адамгершілікке жат өмір сүрулеріне байланысты коммуналдық қызметтерді  төлеуге мүмкіндіктері жоқ абонеттер, сот орындаушылармен барлық шектеу және тыйым салу шаралары қолданылады). 

(Қалған дебиторлық берешек ағымдағы болып табылады, бұл талаптардың мерзімі өткен жоқ, алдағы есептік кезеңге дейінгі айда есеп жүргізіледі).






Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 73154 мың теңгені құрады.

- "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы" бойынша тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар үшін тұрғындардың қарызы (кәсіпорынды қайта ұйымдастыру жүргізілді - Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы "Теплосервис-Ақсу» КМК "Ақсу тұрғын үйді Жаңғырту" ЖШС қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы" № 910/12 қаулысы",  берілген дебиторлық берешек 97 327 мың теңгені құрады, берген сәттен бастап тұрғындардан түскені – 24585 мың теңге).



Қысқа мерзімді кредиторлық берешек 40779 мың теңге құрады, оның ішінде:, 

- жеткізушілерге және мердігерлерге – 21 886 мың теңге; 

- салықтар – 5798 мың теңге;

- жалақы бойынша – 12301 мың теңге;

- өзгелері – 794 мың теңге.

(Кредиторлық берешектің мерзімі өткен жоқ және (кәсіпорынның міндеттемелері бойынша берешегі, баланс жасау кезінде өтеу мерзімдері басталған жоқ, төлеу мерзімі есептік кезеңнен кейінгі айда).

 

Ұзақ мерзімді міндеттемелер. 

- 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпорынға Ақсу қаласының жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта құруға бағытталған 1 497 771 мың теңге мөлшерінде несие бөлінді. Міндеттемелерді орындау күні 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. 

Кәсіпорынның Жарғылық капиталы негізгі құралдардың түрінде құрылтайшының салымдарынан қалыптастырылған, 2023 жылғы 1 қаңтарға оның мөлшері 323262 мың теңгені құрайды.