2026 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылсайынғы есеп беруідің

№1 Хаттамасы

 

 

2026 жылғы 29 шілде

 

Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері:

Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ шаруашылық жүргізу құқындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жылу энергиясын беру мен тарату және жабдықтау

 

Есеп беру күні мен орны:

2026 жылғы 29 шілде, Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

 

Реттелетін қызмет түрлері (тауарлар, қызметтер)

 Жылу энергиясын беру мен тарату

 

Тыңдаудың басталу уақыты: 11.00

 

Тыңдаудың аяқталу уақыты: 11.20

 

Қатысқандар:

  1. «КГП Теплосервис-Ақсу» ЖШС директорының м.а Валерий Иванович Абашин  
  2. Экономист Айсулу Самарбаевна Хасенова, қоғамдық тындалымның хатшысы
  3. бас инженердің орынбасары А.К.Жиенбаева

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Тұтынушыларға жылу энергиясын беру мен тарату, жылу энергиясымен

жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша 2026 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі қызметтердің қорытындысы бойынша есеп.

  1. Сұрақтарға жауаптар.

 

Қоғамдық тыңдауды қоғамдық тыңдалымның Төрағасы ашып, күн тәртібін айтты.

 

  1. Экономист Айсулу Самарбаевна Хасенова сөз сөйлеуін тыңдады.

                Баяндамада атап өтілген:

Табиғи монополиялар субъектісі ретінде «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметі «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша  департаменті» РММ уәкілетті органымен реттеледі.

Кәсіпорын  Ақсу қаласының объектілерін және өндірістік үй-жайларын,  елді мекендерін жылумен жабдықтау қызметін көрсету саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

Негізгі қызмет түрі - Ақсу қаласына жылу энергиясын беру мен тарату және Ақсу шағын аудандарын жылу энергиясымен жабдықтау.    

Кәсіпорынның өндірістік қуаты:

Желілердің жалпы ұзындығы – 99026 м, соның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 89945 м, оның ішінде магистральды -16560 м, тарату – 82466 м.

«Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалына тиесілі ОЖҚ-2 Ақсу қаласын жылумен қамту көзі болып табылады. Ақсу қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 2026 жылғы  01 қаңтарға 89945 м құрайды.

 

            Реттелетін қызметтерді көрсету көлемі:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін нақты

көлем 289,835 мың Гкал құрады.

            2026 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі кәсіпорын қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілген тарифтер:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 28 қазандағы №80-ОД бұйрығымен жылу энергиясын беру, тарату және өткізу бойынша жаңа тариф және тарифтік смета  бекітілді. Осы бұйрықтың негізінде 2025 жылғы 01 қарашадан бастап 2026 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге тариф 7978,88  теңге/Гкал құрады.

2026 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде өндірістік қызмет нәтижесі бойынша жылу энергиясын беру және жылумен жабдықтау қызметтерін түскен табыс 1436 550,90 мың теңге.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен байланысты шығындар 1 937 130 мың теңге.

Негізгі қызмет нәтижесінде 2026 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі 500 579,01 мың  теңге  мөлшерінде залал келтірілді.

2026 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бюджет алдында берешек жоқ.

 

     Кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі үшін, оның ішінде қаланың жылу-желілік шаруашылығын техникалық жарамды жай-күйде ұстау, үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету, төтенше немесе күтпеген жағдайлар пайда болған кезде үнемі дайын болу және жою, өндірістік активтердің тозуын төмендету, техникалық ысыраптарды азайту, сондай-ақ кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруға жылу энергиясымен жабдықтау және жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерге экономикалық негізделген тарифтер қажет.
         Қазіргі уақытта бекітілген тарифтің нақты шығындарға сәйкес келмеуі байқалады. Тариф 2021 жылы 5 жылға бекітілген. Осы кезеңде тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Бағаның өсуін алдын ала болжау мүмкін емес, олардың қашан және қаншаға өсетіні белгісіз, бұл біздің жұмысымызды жоспарлауға қиындықтар туғызады. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 60%-ға үнемі өсуінің тұрақты қарқыны бар екенін ғана айта аламыз. Негізгі шығындарға электр энергиясы, ЖЖМ, шикізат, қосалқы материалдар, үшінші тұлғалардың қызметтері жатады (арнайы жабдықтың одан әрі жұмыс істеуге жарамдылығын диагностикалау, гидравликалық және температуралық сынақтарды жүргізу).

            Кәсіпорынның техникалық паркінің жағдайы да көңіл көншітерлік емес. Кәсіпорынның балансындағы арнайы техника 36 жылдан астам пайдаланылғандықтан, өзінің қызмет ету мерзімін толығымен таусылған. Оның нөлдік қалдық құны бар және ауыстыруды қажет етеді. Автокөліктерді жұмыс жағдайында ұстау үшін тұрақты жөндеу қажет. Шектеулі күйге жеткен мұндай көліктің жұмыс істеуі қосалқы бөлшектердің, жанар-жағар майдың және басқа да жанар-жағармайдың құнының өсуіне байланысты.

     Кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі үшін, оның ішінде қаланың жылу-желілік шаруашылығын техникалық жарамды жай-күйде ұстау, үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету, төтенше немесе күтпеген жағдайлар пайда болған кезде үнемі дайын болу және жою, өндірістік активтердің тозуын төмендету, техникалық ысыраптарды азайту, сондай-ақ кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруға жылу энергиясымен жабдықтау және жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерге экономикалық негізделген тарифтер қажет.
        Қазіргі уақытта бекітілген тарифтің нақты шығындарға сәйкес келмеуі байқалады, өйткені тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Бағаның өсуін алдын ала болжау мүмкін емес, олардың қашан және қаншаға өсетіні белгісіз, бұл біздің жұмысымызды жоспарлауға қиындықтар туғызады. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 60%-ға үнемі өсуінің тұрақты қарқыны бар екенін ғана айта аламыз. Негізгі шығындарға электр энергиясы, ЖЖМ, шикізат, қосалқы материалдар, үшінші тұлғалардың қызметтері жатады (арнайы жабдықтың одан әрі жұмыс істеуге жарамдылығын диагностикалау, гидравликалық және температуралық сынақтарды жүргізу).

          Кәсіпорынның техникалық паркінің жағдайы да көңіл көншітерлік емес. Кәсіпорынның балансындағы арнайы техника 36 жылдан астам пайдаланылғандықтан, өзінің қызмет ету мерзімін толығымен таусылған. Оның нөлдік қалдық құны бар және ауыстыруды қажет етеді. Автокөліктерді жұмыс жағдайында ұстау үшін тұрақты жөндеу қажет. Шектеулі күйге жеткен мұндай көліктің жұмыс істеуі қосалқы бөлшектердің, жанар-жағар майдың және басқа да жанар-жағармайдың құнының өсуіне байланысты.

Маусымдылық фактісі келеңсіз әсер етеді. Жылумен жабдықтау ұйымына

жазғы кезең залал келтіретін маусым болып табылады, өйткені осы кезеңде жазғы жөндеу науқанында  күрделі және ағымдағы жөндеу өткізу үшін отын мен материалдарды сатып алуға шығыстар артқан кезде кіріс одан әрі көбейеді.

        Жоғарыда аталған фактілерді есепке ала отырып, кәсіпорынның  шығыстары оның кірісінен асып тұр және оның бәрін қосқанда есеп беру кезеңінде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің теріс әсер етеді.

 

  1. Өткен күзгі-қысқы кезеңнің нәтижелерін талдау

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы кезінде Ақсу қаласының энергия көздерінде (ЕЭК, ОЖҚ-2) негізгі жабдықтарға қатысты ешқандай техникалық ақау тіркелген жоқ, бұл алдыңғы кезеңнің (2024–2025 ж.ж. жылыту маусымы: техникалық ақаулардың болмауы) нәтижелерімен сәйкес келеді.

 

2.Тарифтік смета құрамындағы жөндеу және инвестициялық бағдарламаларды талдау

2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 302-тармағына сәйкес, жеңілдетілген тәртіппен берілген тариф пен тарифтік сметаға өтінімге инвестициялық бағдарламаның жобасы қоса берілмейді және ол өтініммен бір мезгілде бекітілмейді.

Тарифтік сметаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Департаментінің 2025

жылғы 28 қазандағы №80-ОД бұйрығымен бекітілген «Теплосервис-Аксу» КМК қызметтері бойынша 2026 жылға арналған «Жөндеу» бабы шеңберінде  ҚҚС-сыз 41 371,0 мың теңге сомасына келесі іс-шаралар жоспарланған, оның ішінде 9 231,887 мың теңге сомасына жұмыстар аяқталд

Кәсіпорын қосымша түрде өз қаражаты есебінен жалпы ұзындығы

0,929 км жылу желілеріне жоспардан тыс күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде, жалпы құны 62,3 млн теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды. Бүгінгі күнге жалпы құны 45,2 млн теңгеге 0,794 км орындалды, оның ішінде:

  • Пушкин көшесі бойындағы ТК90-нан ТК49-ға дейінгі диаметрі 80 мм,

ұзындығы 48 м жылу желілеріне 1 730,451 мың теңге сомаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді - 100% орындалды.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау аумақтық департаментінің нұсқамаларына сәйкес, мердігерлік ұйымы «Строитель» ЖШС «Teплосервис-Ақсу» КМК ғимараттары мен құрылыстарында құны 43,0 миллион теңге (ҚҚС-сыз) болатын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

          № 6 және № 4 орталық жылу пункттерінің (ОЖП), Ақсу шағын ауданындағы ОЖП-ның, № 1 (Әуезов көшесі) және № 1А (Железнодорожная көшесі) трансформаторлық қосалқы станцияларының (ТҚС), көлікжайлардың, сондай-ақ Вокзальная көшесі, 5 және Донентаев көшесі, 21 мекенжайындағы әкімшілік-шаруашылық ғимараттардың шатырлары мен қасбеттерін ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған, сонымен қатар жұмыс көлеміне 2- ОЖҚ энергия көзінен қалаға дейінгі негізгі жылу құбырының құрылымдық элементтерін (темірбетон құрылымдарын) бояу және төсеу тастарын қалпына келтіру кіреді.

           

            Жылу желілерін жөндеуден кейін жолдар мен орам ішіндегі аумақтарды ағымдағы жөндеу және асфальт жабындысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Элемент базис строй» ЖШС мердігерімен 14,8 миллион теңге (ҚҚС-сыз) сома болатын шарт жасалды.

           

            Ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі шеңберінде магистральдық және таратушы желілеріндегі нашар жағдайдағы жабу арматурасын тексеру және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

            Қала бюджетінің қаражатына сатып алынған 17 дана жабу арматурасын диаметрі 200 мм-ден 600 мм-ге дейін ауыстыру жөніндегі жұмыстарды ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін аяқтау жоспарланған (атап айтқанда: Ду 200 мм – 3 дана, Ду 300 мм – 4 дана, Ду 400 мм – 4 дана, Ду 500 мм – 2 дана және Ду 600 мм – 4 дана).

                Сонымен қатар, келесі нысандарда электр жабдықтарына (коммутациялық элементтерді, электр қозғалтқыштарын, басқару шкафтарын, сыртқы жарықтандыру жүйелерін және т.б. тексеру) жоспарға сәйкес тұрақты техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде: ОЖП-6, Ақсу шағын ауданындағы ОЖП, ОЖП -4, ПНС -10 Б. Момышұлы, 12, ТП 1, ТП 1А, ПНС 4, ПНС 14, ПНС 15, ОЖП 12, ОЖП 14, ОЖП 15, НС 10, ЦПНС.

 

 

            Бюджет есебінен қаржыландырылатын жөндеу жұмыстары

            Ағымдағы жылы Ақсу қаласында «Коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде жалпы құны 2,9 миллиард теңге болатын екі жоба (ұзындығы 1,8 км) жүзеге асырылуда:

     1) Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесіндегі ұзындығы 0,365 км және құны 602 миллион теңге болатын негізгі жылумен жабдықтау  желілерін қайта жаңарту.

 

Тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы:

Кәсіпорын реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен тұрақты тығыз қарым-қатынаста болады. Қызметтерді көрсету фактісі бойынша салыстыру актісі жасалады және тұтынушылардың атына счет-фактуралар, орындалған жұмысы актісі беріледі, олар кәсіпорын өкілдерімен және қызметтің тұтынушыларымен қол қойылады. Сонымен қатар  тұтынушылармен заңнамаға сәйкес жұмыстар өткізіледі-тұтынушылар алдында қызметтерді ұсыну бойынша қоғамдық тындалым, сонымен қатар тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау бойынша қоғамдық тындалым, қызмет көрсету жөніндегі қызмет туралы  ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады, тұтынушыға тарифтердің өзгеруі туралы хабарлайды.

Тұтынушымен қарым-қатынаста этикалық және құқықтық нормалар сақталады және түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 

            Баяндама соңында есеп бойынша сұрақтар мен ескертулер түскен жоқ.

Жұмыс сапасы бойынша шағым болған жоқ.

Қорытындылар:

2026 жылдың 1-жартыжылдығы ішіндегі тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы есебін қабылдаймыз.

Кәсіпорын қызметі туралы тыңдалым аяқталды деп саналсын

 

 

Төраға:                                         В.И.Абашин              ______________

 

Хатшы:                                         А. С. Хасенова           ______________