«Теплосервис-Ақсу» КМК табиғи монополиялар субъектісі ретінде, Ақсу қаласы және Ақсу шағын ауданының тұтынушыларына жылуды тарату,

беру және жабдықтау қызметін көрсетеді.

2023-2024 жылыту маусымына дайындық бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде кәсіпорынмен жылу желілерін ауыстыру бойынша келесі жұмыстар орындалды, ұзындығы 1008,5 м, сметалық құны 41213 мың теңге, оның ішінде күрделі жөндеу 808,5 м - сметалық құны 36590 мың теңге және ағымдағы жөндеу жұмысы 200 м - сметалық құны 4623 мың теңгені құрайды. Күрделі жөндеу бойынша жоспар 100% орындалды, бұл жеті ірі субъектісін құрайды.

            2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде жалпы құны 33 127, 045 мың теңгеге 1566 метр жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

            2025 жылы сметалық құны 46 231,431 мың теңге болатын ұзындығы 1225 м жылу желілерін және ыстық су құбырларын ауыстыру жоспарлануда, оның ішінде:

- 1025 м күрделі жөндеу, сметалық құны 41 231,426 мың теңге;

- ағымдағы жөндеу 200 м, сметалық құны 5 000,005 мың теңге.

            Ақсу қаласы және Ақсу шағын ауданы бойынша жылу энергиясын беру көлемі 391501 мың Гкал, оның ішінде беру және тарату бойынша 371944 мың Гкал, Ақсу шағын ауданында тұтынушыларды жабдықтау бойынша қызметтердің көлемі 19557  мың Гкал құрады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мына тарифтер қолданылды:

  • 1589,89 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда) жылу энергиясын беру

қызметіне;

  • Ақсу шағын ауданының тұтынушыларын жылумен жабдықтау

қызметіне – тұрғындарға 3707,18 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда), басқалар – 4867,10 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда).

Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтерді

көрсетуден түскен кіріс 684310 мың теңгені құрады. Басқа кірістер – 207966  мың теңге.

Негізгі қызметке байланысты шығыстар 842477 мың. теңгені құрады.

Өзге шығыстар – 47242 мың теңге. 2024 жылға пайда – 2557 мың теңге.

           2024 жыл ішінде бюджет алдында салықтар мен төлемдер бойынша берешек жоқ.

2024 жыл ішіндегі реттелетін қызметтер бойынша «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметі туралы толық есеп  http://teploaksu.kz сайтында орналастырылды.

 

                                                                            «Теплосервис-Ақсу» КМК