2024 жыл ішіндегі  тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылсайынғы есеп беруідің

№1 Хаттамасы

 

 

2025 жылғы 25 сәуір

 

Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері:

Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ шаруашылық жүргізу құқындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жылу энергиясын беру мен тарату және жабдықтау

 

Есеп беру күні мен орны:

2025 жылғы 25 сәуір, Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

 

Реттелетін қызмет түрлері (тауарлар, қызметтер)

1) Жылу энергиясын беру мен тарату

2) Жылу энергиясымен жабдықтау

 

Тыңдаудың басталу уақыты: 11.00

 

Тыңдаудың аяқталу уақыты: 11.40

 

Қатысқандар:

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-нен сектор меңгерушісі А.Е. Жиенбаева
  2. «Теплосервис-Ақсу» КМК өндіріс бөлімінің бастығы Меденгер Ардагерович Жакенов, қоғамдық тындалымның төрағасы
  3. Бас бухгалтер Алмагуль Муратовна Танкиева
  4. Экономист Айсулу Самарбаевна Хасенова, қоғамдық тындалымның хатшысы

   

Сондай-ақ қала тұрғындары

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Тұтынушыларға жылу энергиясын беру мен тарату, жылу

энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша 2024 жыл ішіндегі қызметтердің қорытындысы бойынша есеп.

2.Сұрақтарға жауаптар.

 

- 2024 жыл ішіндегі «Теплосервис-Ақсу» КМК қызметінің қорытындыларының мәселесі бойынша баяндамамен экономист А.С. Хасеноваға сөз беруге рұқсат етіңіздер

 

(А.С. Хасенованың сөз сөйлеуі)

 

Баяндамада атап өтілген:

Табиғи монополиялар субъектісі ретінде «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметін «Қазақсан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша  департаменті» РММ уәкілетті органымен реттеледі.

Кәсіпорын  Ақсу қаласының объектілерін және өндірістік үй-жайларын,  елді мекендерін жылумен жабдықтау қызметін көрсету саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

Негізгі қызмет түрі - Ақсу қаласына жылу энергиясын беру мен тарату және Ақсу шағын аудандарын жылу энергиясымен жабдықтау.    

Кәсіпорынның өндірістік қуаты:

Желілердің жалпы ұзындығы – 99026 м, соның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 89945 м, оның ішінде магистральды -14191 м, тарату – 75754 м

«Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалына тиесілі ОЖҚ-2 Ақсу қаласын жылумен қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №52-ОД бұйрығымен 2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу энергиясын жабдықтау бойынша тарифтік сметаға өзгерістер енгізілді және тариф бекітілді. Осы бұйрықтың негізінде тариф

  • 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін

тариф 1589,89 теңге/Гкал.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №53-ОД бұйрығымен 2023 жылғы 01 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу энергиясын жабдықтау бойынша тарифтік смета және тариф бекітілді -

тұрғындар үшін тариф 3707,18 теңге/Гкал,  өзге де тұтынушылар үшін тариф 4867,10 теңге/Гкал құрады.

 

Реттелетін қызметтерді көрсету көлемі:

2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін нақты көлем 391503 мың Гкал, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі – 371944 мың Гкал, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша – 19559 мың Гкал құрады.

 

             2023 жылға арналған кәсіпорын қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

2023 жылғы 01 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге өндірістік қызмет нәтижелері бойынша жылу энергиясын беру мен тарату және жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 670707 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 591350 мың теңгені құрады.

 

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен байланысты шығындар 830853 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерін көрсету - 739625 мың теңгені құрайды.

Негізгі қызмет нәтижесінде 2023 жылғы 01 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге - 160146 мың теңге мөлшерінде залал келтірілді, жылу энергиясын беру бойынша қызметінен - 148275 мың теңге, ал жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден - 11871 мың  теңге мөлшерінде залал келтірілді.

2025 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бюджет алдында берешек жоқ.

             Жылу энергиясын беру және тарату қызметінен келтірілген келесі факторлармен байланысты:

Қазіргі уақытта бекітілген тарифтің нақты шығындарға сәйкес келмеуі байқалады. Тариф 2021 жылы 5 жылға бекітілген. Осы кезеңде тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 40%-ға үнемі өсуінің тұрақты қарқыны бар екенін ғана айта аламыз.

Осы кезеңде тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Бағаның өсуін алдын ала болжау мүмкін емес, олардың қашан және қаншаға өсетіні белгісіз, бұл біздің жұмысымызды жоспарлауға қиындықтар туғызады. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 30%-ға үнемі өсуінің тұрақты қарқыны бар екенін ғана айта аламыз. Негізгі шығындарға электр энергиясы, ЖЖМ, шикізат, қосалқы материалдар, үшінші тұлғалардың қызметтері жатады.

  1. Нормативтік техникалық шығындарға кететін шығындардың

ұлғаюы 22 147 мың теңгені құрайды, бұл «Қазхром» АҚ-ның тарапынан жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтің өсуімен байланысты  (2 797,77 теңге/Гкал-дан 2 859,42 теңге/Гкал-ға дейін, ал 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2 859,42 теңге/Гкал-дан 3956,75 теңге/Гкал-ға дейін 38%-ға өсті).

2.    Амортизация бойынша шығындардың өсуі. Себебі - жыл сайыниесіз жылу трассалары қабылданып алынады, оларды жөндеуге қосымша шығындар талап етіледі, сондай-ақ мүлік салығына шығындарды арттырады.        3. Жанар-жағармай құнының өсуі. Оның себебі – бензин бағасының 162,50 теңге-ден 166,29 теңгеге дейін, дизельдік отынның бағасы 205,36 теңгеден 249,47 теңгеге дейін,  майдың бағасы 621,96 теңгеден 1000 теңгеге өсуімен және жылу желілерін күрделі жөндеу көлемін ұлғайтумен байланысты.

  1. Күрделі жөндеуге шығындардың өсуі. Себебі - уәкілетті орган бекіткен инвестициялық бағдарлама – «Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының көлемінің ұлғаюына байланысты.

        5.Шикізат пен материалдарға, соның ішінде құбырлар  да бағаның өсуі, егер орташа баға 2019 жылы 285 мың теңге болса, 2023 жылы оның бағасы 560 мың теңгені құрап, 96%-ға, оқшаулағыш материалдарға (бағаның өсуі 65%-ға) өсті.

  1. Қосалқы бөлшектерге кеткен шығындар. Баланстағы арнайы техника 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқандықтан, өзінің қызмет ету мерзімі толығымен тозған. Басқа техниканың жоқтығынан және жаңаларын сатып алу мүмкіндігінен құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге үлкен шығындарға мәжбүрміз. Көлік құны 2023 жылмен салыстырғанда 141%-ға өсті.
  2. 2023-2024 жылдарға арналған коммуналдық қызметтерге артық шығыны 250% құрайды, бұл коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты, электр энергиясы тарифінің 19%-ға (23,1 теңгеКват 27,56 теңге/Кватқа дейін, 27,56 теңге/Кват 29,2 теңге/Кватқа дейін), сумен жабдықтау тарифінің 19%-ға (391,3 теңге/м3 438,25 теңге/м3 дейін өсуіне байланысты.).

             Жоғарыда айтылғандардың негізінде қолданыстағы тарифтердің құрамдас бөліктерінің көпшілігіне бағаның тұрақты өсуі байқалады, сондықтан олар шығындардың нақты деңгейіне сәйкес келмейді, бұл кәсіпорынның шығын шығаруына әкеледі.

             2023-2024 жылыту маусымына дайындық бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде кәсіпорынмен ұзындығы 1008,5м жылу желілерін ауыстыру бойынша сметалық құны 41213 мың теңге жұмыстар жүргізілді, оның ішінде 808,5  м күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді - сметалық құны 36590 мың теңге, ал ағымдағы жөндеу 200 м – сметалық құны 4623 мың теңге. Күрделі жөндеу жоспары 100 пайызға орындалды, бұл жеті негізгі нысанды құрайды.

             2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның шеңберінде ұзындығы 1566 метр жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, жалпы құны 33127,045 мың теңге. Орындау деңгейі 100%.

             Инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары қызмет көрсету сапасын арттыруға және стандартты жылу шығындарын азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тартылған активтердің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы:

Кәсіпорын реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен тұрақты тығыз қарым-қатынаста болады. Қызметтерді көрсету фактісі бойынша салыстыру актісі жасалады және тұтынушылардың атына счет-фактуралар, орындалған жұмысы актісі беріледі, олар кәсіпорын өкілдерімен және қызметтің тұтынушыларымен қол қойылады. Сонымен қатар  тұтынушылармен заңнамаға сәйкес жұмыстар өткізіледі-тұтынушылар алдында қызметтерді ұсыну бойынша қоғамдық тындалым, сонымен қатар тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау бойынша қоғамдық тындалым, қызмет көрсету жөніндегі қызмет туралы  ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады, тұтынушыға тарифтердің өзгеруі туралы хабарлайды.

Тұтынушымен қарым-қатынаста этикалық-құқықтық нормалар сақталады және түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 

Сөз сөйлеушіге сұрақтар бар ма?

(сұрақ-жауап)

 

Сұрақ: Ақсу қаласында жылумен жабдықтау бойынша қандай іс-шаралар жүргізілуде? 

Жауап: Жол картасы шеңберінде жылу тораптарын элеватор, шайба және т.б. сияқты арнайы тарылтқыш құрылғылармен орнатуға техникалық талаптар беру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде – жақын орналасқан шағын аудандар магистраль-1, 1б, 1в, 8, 8а. Тұтынушыларға бұрын берілген техникалық шарттарды ескере отырып, элеватор тораптарын орнатуға техникалық талаптар беріледі.

 

Сұрақ: Жылу тораптарын орнату, қалпына келтіру және іске қосу туралы нақтырақ түсіндіріңіз?  

Жауап: Жылу торабы жылу энергиясын таратуға арналған, сондай-ақ ішкі жылутехникалық жабдықты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге және микроклиматтық жағдайларды сақтауға бағытталған. Бұл талаптар нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген және міндетті түрде орындалуы тиіс.

 

Сұрақ: 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде? 

Жауап: 2025 жылға арналған «Теплосервис-Ақсу» КМК тарифтік құрамдас бөлігі аясында ұзындығы 1,2 км жылу желілері мен ГВС-ті ауыстыру жұмыстары жоспарланған, олардың сметалық құны – 46 млн теңге. Оның ішінде 1,0 км – күрделі жөндеу 41 млн теңге, 0,2 км – ағымдағы жөндеу 5 млн теңге.

          2024-2025 ж.ж . инвестициялық бағдарламасы шеңберінде трассаның ұзындығы 31,5 м магистральдық құбырға 25 млн.теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді. Астана көшесі бойынша (Камзин к-сі 27, Астана СҮ жағына қарай). Орындау 100%.

Ағымдағы жылы  «Ақсу қаласында орамішілік жылу желілерін реконструкциялау»  екі жылдық жобасын іске асыру жалғасады( Ақсу ш / а. № 3, 5, 8) (жобаның құны – 3,341 млрд.теңге, жалпы ұзындығы – 4,9 км), «Спецстройгрупп ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымымен 2024 жылы 2,818 млрд. теңге сомасына 3,9 км ауыстырылды, ағымдағы жылға арналған жұмыстардың қалдығы 522,7 млн. теңге сомасына 1,0 км құрайды.

 

Бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар бар ма? Егер жоқ болса, осы кеңесте  белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сау болыңыздар.

 

Жұмыс сапасы бойынша шағым болған жоқ.

Қорытындылар:

2024 жыл ішіндегі  тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы есебін қабылдаймыз.

Кәсіпорын қызметі туралы тыңдалым аяқталды деп саналсын

 

 

Төраға:                                         М.А. Жакенов    ______________

 

         

Хатшы:                                         А. С. Хасенова       ______________