Құрметті Ақсу қаласының жеке сектор тұрғындары мен заңды тұлғалары!
«Теплосервис-Аксу» КМК тұтынушылардың теңгерімдік тиесілілік және пайдалану жауапкершілігін ажырату актілеріне сәйкес тұтынушыларға тиесілі жылу желі учаскелерінде ЖЫЛУ ШЫҒЫНДАРЫН анықтау жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап кәсіпорын өткен 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында туындаған жылу шығындары үшін есептеулер жүргізуді бастайды.
Есептеулер мен төлемдерді есептеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы «Жылу энергетикасы туралы» Заңның 28, 29 және 32-баптарына сәйкес жылумен жабдықтау саласындағы тараптардың базалық құқықтары мен міндеттері реттеледі.
Қазақстан Республикасын Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 33, 34, 53-тармақтарына сәйкес жылу энергиясының көлемі жылу желілерінің баланстық тиістілік шекарасында есепке алынады, ал желілердің бөліну шекарасынан кейінгі жылу энергиясының шығындарын тұтынушы төлейді.
Сондай-ақ Жылу энергиясы мен жылу тасымалдағышты есепке алу қағидаларының 30, 47 және 49-тармақтарына сәйкес жылумен жабдықтау ұйымының теңгерімінде жоқ жылу шығындары белгіленген тәртіппен есептелуге жатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 482, 484 және 488-баптары жылумен жабдықтау шарттары бойынша тараптардың міндеттемелері мен олардың орындалуына қатысты жауапкершілікті реттейді.
Барлық есептеулер Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығымен бекітілген Желілердегі жылу шығындарын анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жасалды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша және егжей-тегжейлі кеңес алу үшін «Теплсервис-Аксу» КМК Жылу энергиясын тұтынушылармен жұмыс жасау басқармасына мына мекенжай бойынша хабарласа аласыз:
- Мекенжайы: Б. Момышұлы көшесі, 12 үй.
- Телефондар: 2-44-00, 2-44-03, 2-44-05, 2-44-07.

