2023 жыл ішіндегі тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылсайынғы есеп беруідің №1 Хаттамасы

2023 жыл ішіндегі  тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылсайынғы есеп беруідің

№1 Хаттамасы

 

2024 жылғы 26 сәуір

 

Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері:

Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ шаруашылық жүргізу құқындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жылу энергиясын беру мен тарату және жабдықтау

 

Есеп беру күні мен орны:

2024 жылғы 26 сәуір, Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

 

Реттелетін қызмет түрлері (тауарлар, қызметтер)

1) Жылу энергиясын беру мен тарату

2) Жылу энергиясымен жабдықтау

 

Тыңдаудың басталу уақыты: 11.00

 

Тыңдаудың аяқталу уақыты: 11.30

 

Қатысқандар:

  1. «Ақсу біздің ортақ үйіміз» Қоғамдық бірлестігінен Канатбек Кайруллович Байманов
  2. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-нен сектор меңгерушісі А.Е. Жиенбаева
  3. «Теплосервис-Ақсу» КМК директоры Кумар Даниярович Ибраев, қоғамдық тындалымның төрағасы
  4. Экономист Айсулу Самарбаевна Хасенова, қоғамдық тындалымның хатшысы

 

Сондай-ақ қала тұрғындары

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Тұтынушыларға жылу энергиясын беру мен тарату, жылу энергиясымен

жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша 2023 жыл ішіндегі қызметтердің қорытындысы бойынша есеп.

2.Сұрақтарға жауаптар.

 

- 2023 жыл ішіндегі «Теплосервис-Ақсу» КМК қызметінің қорытындыларының мәселесі бойынша баяндамамен директор Құмар Даниярович Ибраевқа сөз беруге рұқсат етіңіздер

 

(К.Д. Ибраевтың сөз сөйлеуі)

 

Баяндамада атап өтілген:

Табиғи монополиялар субъектісі ретінде «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметін «Қазақсан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша  департаменті» РММ уәкілетті органымен реттеледі.

Кәсіпорын  Ақсу қаласының объектілерін және өндірістік үй-жайларын,  елді мекендерін жылумен жабдықтау қызметін көрсету саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

Негізгі қызмет түрі - Ақсу қаласына жылу энергиясын беру мен тарату және Ақсу шағын аудандарын жылу энергиясымен жабдықтау.    

Кәсіпорынның өндірістік қуаты:

Желілердің жалпы ұзындығы – 99026 м, соның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 89945 м, оның ішінде магистральды -14191 м, тарату – 75754 м

«Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалына тиесілі ОЖҚ-2 Ақсу қаласын жылумен қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 03 тамыздағы №71-ОД бұйрығымен жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметіне тарифтің шекті деңгейі бекітілді және:

01.10.2022-30.06.2023 ж.ж. кезеңге -1102,76 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) құрады;

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі №79-ОД бұйрығымен 2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу энергиясын жабдықтау бойынша тариф және тарифтік смета бекітілді. Осы бұйрықтың негізінде 2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге тұрғындар үшін тариф 2586,44 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз), өзге де тұтынушылар үшін тариф 3169,17 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) құрайды.

 

Реттелетін қызметтерді көрсету көлемі:

2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін нақты көлем 398614 мың Гкал, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі – 378192 мың Гкал, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша – 20422 мың Гкал құрады.

2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін нақты көлем 134112 мың Гкал, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі – 126407 мың Гкал, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша – 7705 мың Гкал құрады.

            2023 жылға арналған кәсіпорын қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

       Меншік иелерінің есебінен салаға инвестиция көлемін тартуды ұлғайту ұсынылған «Тарифті инвестицияға айырбастау»» жаңа мемлекеттік саясатына көшу шеңберінде Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 22-бабы 1-тармағы 4- тармақшасына және Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 601-тармағы 4 және 11-тармақшаларына сәйкес «Теплосервис-Ақсу» КМК-ны жылу энергиясын беру және тарату бойынша реттелетін қызметіне бекітілген тарифті және тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінім берді.

            Кәсіпорынның негізгі міндеті - меншік иелерінің есебінен салаға инвестиция көлемін тартуды ұлғайту және табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру ұсынылған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа реформасын іске асыру шеңберінде кәсіпорынға білікті мамандарды тарту және штатын қалыптастыру, сондай-ақ оның қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту арқылы кадр ағынын тоқтату болып табылады.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №52-ОД бұйрығымен 2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу энергиясын жабдықтау бойынша тарифтік сметаға өзгерістер енгізілді және тариф бекітілді. Осы бұйрықтың негізінде

  • 2023 жылғы 01 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін

кезеңге тариф 1224,43 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) құрайды;

  • 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін

тариф 1589,89 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) құрайды.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №53-ОД бұйрығымен 2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге тарифтік сметаға өзгерістер енгізілді және жылу энергиясын жабдықтау бойынша тариф бекітілді. Осы бұйрықтың негізінде

  • 2023 жылғы 01 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін

кезеңге тұрғындар үшін тариф 2721,71 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз),  өзге де тұтынушылар үшін тариф 3334,83 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз)құрайды;

  • 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін

тұрғындар үшін тариф 3707,18 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз),  өзге

де тұтынушылар үшін тариф 4867,10 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) құрайды.

 

2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге өндірістік қызмет нәтижелері бойынша жылу энергиясын беру және тарату, жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 475825 мың теңге құрайды, оның ішінде жылу энергиясын беру және тарату қызметінен түскен табыс 418441 мың теңгені құрады.

 

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен байланысты шығындар 619566 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерін көрсету - 554252 мың теңгені құрайды.

 

Негізгі қызмет нәтижесінде 2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге 143741 мың теңге мөлшерінде залал келтірілді, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметінен - 135811 мың теңге, ал жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрстуден 7930 мың  теңге мөлшерінде залал келтірілді.

2023 жылғы 01 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жылу энергиясын беру және тарату, жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 232663 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 200973 мың теңге, ал жылу энергиясымен жабдықтау қызметінен түскен табыс 21734 мың теңгені құрады.

2023 жылғы 01 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен байланысты шығындар 227649 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерін көрсету - 198130 мың теңге, ал жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден – 29519 мың теңгені құрады.

Негізгі қызмет нәтижесінде 2023 жылғы 01 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде түскен кіріс 5014 мың теңгені құрады, ал жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметінен - 2843 мың теңге, ал жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден 2171 мың  теңге мөлшерінде залал келтірілді.

2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бюджет алдында берешек жоқ.

            Жылу энергиясын беру және тарату қызметінен келтірілген келесі факторлармен байланысты:

Қазіргі уақытта бекітілген тарифтің нақты шығындарға сәйкес келмеуі байқалады. Тариф 2021 жылы 5 жылға бекітілген. Осы кезеңде тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 40%-ға үнемі өсуінің тұрақты қарқыны бар екенін ғана айта аламыз.

Осы кезеңде тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Бағаның өсуін алдын ала болжау мүмкін емес, олардың қашан және қаншаға өсетіні белгісіз, бұл біздің жұмысымызды жоспарлауға қиындықтар туғызады. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 30%-ға үнемі өсуінің тұрақты қарқыны бар екенін ғана айта аламыз. Негізгі шығындарға электр энергиясы, ЖЖМ, шикізат, қосалқы материалдар, үшінші тұлғалардың қызметтері жатады.

  1. Нормативтік техникалық ысыраптар бойынша шығындардың өсуі

            Табиғи монополиялар субъектілері – қызмет көрсетушілер өзара байланысты және өзара тәуелді екенін атап өткен жөн, өйткені олардың біреуінің тарифті көтеруі басқаларының қаржылық-шаруашылық қызметіне тікелей пропорционалды. Мәселен, 2023 жылғы 1 қазаннан бастап «Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалы жылу өндіруге тарифті 33,7%-ға көтерді, бұл «Қазхром» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру тарифін 33,7%-ға (2092,8 теңге/Гкал-дан 2797,77 теңге/Гкал-ға дейін) арттыру есебінен нормативтік-техникалық ысыраптарды өтеуге жұмсалған шығындарымыздың 36 845 мың теңгеге өсуіне әкелді. Тарифтік сметада бекітілген басқа шығындармен қатар бұл «нормативтік техникалық шығындар» кәсіпорын үшін стратегиялық өнім болып табылады.

            Қазақстан Республикасы«Табиғи монополиялар туралы»  Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабы 1-тармағы тармақшасына және Тарифті қалыптастыру қағидаларының 601-тармағы 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 қаулысымен бекітілген стратегиялық тауарлардың құнын және (немесе) стратегиялық жүктерді тасымалдауды мемлекеттік реттеуге жататын тарифтерді (бағаларды) өзгертуі уәкілетті органмен бекітілген тарифтердің мерзімі өткенге дейін тарифті өзгертугі негіз болып табылады.

            Осыған байланысты, «Теплосервис-Ақсу» КМК-мен растайтын материалдарды қоса бере отырып, 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және тарату қызметіне тарифтерді өзгерту туралы өтінім берілді,  оны ТМРКД уәкілетті органы қарап бекітуден бас тартты.

2. Амортизация бойынша шығындардың өсуі. Себебі - жыл сайын иесіз жылу құбырлары беріледі, олар қосымша жөндеу шығындарын талап етеді, сондай-ақ мүлік салығы бойынша шығындарды тудырады.3. Жанар-жағармай құнының өсуі. Оның себебі - 2021-2023 жылдар аралығында жанар-жағармай бағасының 70%-ға өсуімен байланысты.

  1. 4. Күрделі жөндеуге шығындардың өсуі. Себебі - уәкілетті орган бекіткен инвестициялық бағдарлама – "Тарифті инвестицияға айырбастау" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының көлемінің ұлғаюына байланысты. Инвестициялық бағдарлама бойынша 2023 жылы жылу желілерін жөндеудің сметалық құны 34 882 мың теңгені құраса, 2022 жылы жөндеу құны 25 086 мың теңгені құраған, күрделі жөндеу бойынша шығындар 39 пайызға өсті, барлығы жиынтықта шығындардың өсуіне және орындалған қызметтер үшін бағаның өсуіне әсер етті.

5.Шикізат пен материалдарға, соның ішінде құбырлар  да бағаның өсуі, егер орташа баға 2019 жылы 285 мың теңге болса, 2023 жылы оның бағасы 560 мың теңгені құрап, 96%-ға, оқшаулағыш материалдарға (бағаның өсуі 65%-ға) өсті.

  1. Қосалқы бөлшектерге кеткен шығындар. Баланстағы арнайы техника 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқандықтан, өзінің қызмет ету мерзімі толығымен тозған. Басқа техниканың жоқтығынан және жаңаларын сатып алу мүмкіндігінен құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге үлкен шығындарға мәжбүрміз. Көлік құны 2022 жылмен салыстырғанда 170%-ға өсті.
  2. 2022-2023 жылдарға арналған коммуналдық қызметтерге артық шығысы 98% құрайды, бұл коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты, электр энергиясы тарифінің 20%-ға (19,2 теңгеКват 23,1 теңге/Кват), сумен жабдықтау тарифінің 19%-ға (329,49 теңге/м3) 391,3 теңге/м3 дейін өсуіне байланысты.).
  3. 8. Персоналды сақтандыруға және медициналық тексеруге арналған шығындардың өсуі. Себебі - сақтандыру бағасының өсуі.
  4. ТҚ және ЕҚ шығындарының өсуі. Себебі - сүт, сабын және арнайы жұмыс киімдеріне бағаның өсуі.

            Жоғарыда айтылғандардың негізінде қолданыстағы тарифтердің құрамдас бөліктерінің көпшілігіне бағаның тұрақты өсуі байқалады, сондықтан олар шығындардың нақты деңгейіне сәйкес келмейді, бұл кәсіпорынның шығын шығаруына әкеледі.

     2022-2023 жылыту маусымына дайындық бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде кәсіпорынмен ұзындығы 1100 м жылу желілерін ауыстыру бойынша сметалық құны 36 082,018 мың теңге жұмыстар жүргізілді, оның ішінде 900 м күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді - сметалық құны 33 416,377 мың теңге, ал ағымдағы жөндеу 200 м – сметалық құны 2665,641 мың теңге. Күрделі жөндеу жоспары 100 пайызға орындалды, бұл жеті негізгі нысанды құрайды.

            2022 жылғы 1 қазаннан 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне «Теплосервис-Ақсу» КММ инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 50-НҚ бұйрығымен  бекітілген. Бағдарлама кәсіпкерлік субъектілері мен қала тұрғындарының тұтыну көлемінің болжамды өсіміне сәйкес келеді, сондай-ақ жылумен жабдықтау сенімділігін арттырады.

             2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға жоспарланған шығындар 25 086,00 мың теңгені құрайды.

Меншік иелерінің есебінен салаға инвестиция көлемін тартуды ұлғайту ұсынылған «Тарифті инвестицияға айырбастау»» жаңа мемлекеттік саясатына көшу шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «2023-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлінің даму жоспарын бекіту туралы» № 329 бұйрығының негізінде, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын инженерлік желілердің және қолданысқа енгізілген активтердің тозуын кезең-кезеңімен азайту мақсатында табиғи монополиялар субъектілерін қаржыландыру (инвестициялар) көлемін ұлғайтуды көздейтін және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 361-тармағының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде және ( немесе) ұлттық жобалар, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, «Теплосервис-Ақсу» КГП кәсіпорны 9796,486 теңге сомасында бекітілген инвестициялық бағдарламаға жаңа іс-шараларды енгізді.

            2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде жалпы құны 34882,48 мың теңгеге ұзындығы 1690,1 м жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар 100%-ға орындалды. Осы жұмыс түрлері аяқталғаннан кейін Ақсу қаласының тұтынушыларын жылумен қамту сапасы жақсарып, алдағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупі азайды.

            Жұмыстар 100%-ға орындалды. Осы жұмыс түрлері аяқталғаннан кейін Ақсу қаласы мен Ақсу шағынауданының тұтынушыларын жылумен қамту сапасы жақсарып, алдағы жылу маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупі азайды.

            Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру Қағидаларының 423-тармағына сәйкес «Теплосервис-Ақсу» КМК-ны 2024 жылғы 23 сәуірде бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткішіне қолжеткізу бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді.Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу үшін уәкілетті органның ведоммствосымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.            Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін кәсіпорын бекітілген және инвестициялық бағдарламаның объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етті және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынды.            Уәкілетті тұлғалар бекітілген инвестициялық бағдарламаның объектілеріне визуалды тексеруді және бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты талдауды, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы және растайтын құжаттар негізінде кәсіпорынның қызметінің тиімділігі көрсеткішіне қол жеткізу туралы ақпаратты талдауды жүргізді.

            2024 жылы сметалық құны 39 490,502 мың теңге болатын ұзындығы 1057 м жылу желілерін және ыстық су құбырын ауыстыру жұмыстары жоспарлануда, оның ішінде:

       - 857 м күрделі жөндеу, сметалық құны 36 590,502 мың теңге;

        - ағымдағы жөндеу 200 м, сметалық құны 2 900 000 мың теңге.

 Жөндеу жұмыстары өз қаражатымызға жүргізіледі.

 

            2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде жылу энергиясын беру және таратудың бекітілген инвестициялық бағдарламасы шеңберінде ұзындығы 1566 м жылу желілерін жөндеу 2024 жылғы маусым-тамыз айларында жоспарлануда, жалпы құны 33 127,045 мың теңге, бекітілген инвестициялық бағдарламаға 7954,045 теңге сомасында жаңа іс-шаралар енгіздім, бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде Ақсу шағынауданындағы ТК30-да жылу энергиясымен жабдықтау бойынша бақылау-өлшеу арматураларын орнату.

            Инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары қызмет көрсету сапасын арттыруға және стандартты жылу шығындарын азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тартылған активтердің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Жылу желілерінің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін нормативті санының есебі бойынша 165 адам, оның ішінде 141 өндірістік персонал.

2023 жылы өндірістік персоналдың нақты саны 98 адамды құрады.

Тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы:

Кәсіпорын реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен тұрақты тығыз қарым-қатынаста болады. Қызметтерді көрсету фактісі бойынша салыстыру актісі жасалады және тұтынушылардың атына счет-фактуралар, орындалған жұмысы актісі беріледі, олар кәсіпорын өкілдерімен және қызметтің тұтынушыларымен қол қойылады. Сонымен қатар  тұтынушылармен заңнамаға сәйкес жұмыстар өткізіледі-тұтынушылар алдында қызметтерді ұсыну бойынша қоғамдық тындалым, сонымен қатар тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау бойынша қоғамдық тындалым, қызмет көрсету жөніндегі қызмет туралы  ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады, тұтынушыға тарифтердің өзгеруі туралы хабарлайды.

 

Тұтынушымен қарым-қатынаста этикалық-құқықтық нормалар сақталады және түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 

Сөз сөйлеушіге сұрақтар бар ма?

(сұрақ-жауап)

 

Сұрақ: Кәсіпорынға кадрларды тарту және алуға қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жауап: Кәсіпорын үнемі бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысады, бос  орындар БАҚ және сайтта жарияланады, сондай-ақ біздің кәсіпорында жұмыспен қамту орталығы арқылы жастар бағдарламасы бойынша жас мамандар тәжірибеден өтуде.

 

Сұрақ: Жылу желілерін гидравликалық сынақтан қай кезде өткізуге жоспарлайсыздар?

Жауап: Гидравликалық сынақтар 2024  жылғы 13 мамырда басталады.

 

Сұрақ:Кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жоспарлайсыздар ма?

 

Жауап: биыл жоқ

Бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар бар ма? Егер жоқ болса, осы кеңесте  белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сау болыңыздар.

 

Жұмыс сапасы бойынша шағым болған жоқ.

Қорытындылар:

2023 жыл ішіндегі  тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы есебін қабылдаймыз.

Кәсіпорын қызметі туралы тыңдалым аяқталды деп саналсын

 

 

Төраға:                                         К.Д. Ибраев              ______________

 

         

Хатшы:                                         А. С. Хасенова       ______________