КГП «Теплосервис-Аксу» доводит до сведения, что в соответствии с правилами пользованиями тепловой энергии, утверждённые приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 го

Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!

«Теплосервис-Ақсу» КМК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген, жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес тұтынушы техникалық шарттарды алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға өтінім беретінін хабарлайды.

Өтінімде:

1) объектінің атауы;
2) объектінің орналасқан жері;
3) тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекенжайы және телефоны;
4) жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні салуды сипаттайтын деректер, оны салу ұзақтығының нормативтік мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, технологиялық қажеттіліктер, жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету;
5) тұтыну түрлері бойынша жүктемесінің сипаттамасы (тұрмыстық тұтынуға арналған жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін техникалық паспорт) көрсетіледі.
Қажеттілік туындаған жағдайда, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жылумен жабдықтау мәселелеріне қатысты тұтынушының қосымша деректерін талап етеді.

Толық ақпарат алу үшін, Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5 мекенжайында орналасқан «Теплосервис-Ақсу» КМК-іне жүгінуге және 8(718 37) 50130, 63842, телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Теплосервис-Ақсу» КМК