Экономикалық мотивация – ең тиімдісі Жылу есептеу құрылғылары

Жалпыүйлік өлшеу құрылғыларын орнатқаннан кейін пәтер иелері мен пәтер иелері кооперативінде жылуды үнемдеуге деген шынайы ынта пайда болатыны сөзсіз. Жалпыүйлік өлшеу құрылғылары жылуға деген шығынды азайтады деу дұрыс емес, себебі бұл құрылғы өз бетінше ештеңені үнемдеуге қауқарсыз, ол тек қана шығын болған ресурстың есебін жүргізеді. Жалпыүйлік құрылғыларды орнатудың негізгі мақсаты – жылу ақысының шынайы және әділетті бөлінуін жүзеге асыру. Жылуды үнемдеуге «инвестиция салған» үйлердің иелері, сынған подъездің терезесіне бей-жай қарайтын тұрғындарға қарағанда айтарлықтай аз төлейтін болады. Бұның әділетті немесе әділетсіз екенін әркім өзі шешеді. Төлем сомасы әркімнің ұқыптылығына тікелей байланысты болады.

Сонымен қатар, жылу өлшеу құрылғыларын орнатқан тұтынушылар жылуға төлемді дифференциалданған тариф бойынша төлейтін болады. Бұл жағдайда, өлшеу құрылғысын орнатқан тұтынушылар үшін жылу бағасы құрылғы орнатпаған тұтыушыларға қарағанда 50%-ға төмен болады.

«Жылу өлшеу құрылғысы – энергия үнемдеудегі мемлекет саясатының бөлігі» атты ертеректе шыққан мақалада айтылғандай мемлекет көпқабатты тұрғын үйлерде (КТҮ) жылпүйлік жылу есептеу құрылғыларын (ЖЖЕҚ) орнатуға қайтарымды негізде ақша бөледі. Бағдарламаның жүзеге асыуын бақылауға «ТҮКШ даму қоры» АҚ (әрі қарай – Қор) тағайындалды. Мемлекет Қор арқылы тұрғындарды жылуды есептеу құрылғысын орнату қаржысымен қаржыландырады, ал тұрғындар қарызын 4 жылға бөліп төлеуіне болады.

Мысалы жылу есептеу құрылғысы бағасы пәтердің аумағы бойынша есептеледі. Жалпыүйлік жылу есептеу құрылғысын сатып алу мен орнату төлемі жеке пәтерлер үшін тұрғын үй ғимаратындағы оның жалпы аумағының үлесіне қарай есептелген.

Мысалы, тұрғын үйде жалпы аумағы – 2 909,9 шаршы метр 63 пәтер бар делік. Жалпыүйлік жылу есептеу құрылғысын сатып алу мен орнату бағасы 635 440 теңгені құрайды. Төлемді есептеу нәтижесінде 1 шаршы метрге 218,37 теңге шығады.

Жылу есептеу құрылғысын орнату үшін жеке тұрғынға қанша төлеу керек екенін білу үшін есептеудің оңай түрін көрсетеміз. Мәселен, қарастырып отырған пәтердің аумағы 44,5 шаршы метр болсын, сонда 44,5х218,37=9 717,46 теңге болады, яғни пәтер иесінің есептеу құралына төлейтін ақысы 9 717,46 теңгені құрайды. Төлемнің тұтынушыларға ауыртпалығын жеңілдету үшін бұл сома 48 айға бөлінген. Сонда құрал үшін ай сайын 202,45 теңге төленетін болады.

90 пәтері бар үйді есептейтін болсақ, мұнда жағдай мүлде өзгеше. Мәселен, қарастырып отырған үйіміздің аумағы 44,5 шаршы метр болса, онда 52х2582=134264 болады. Құрылғы бағасы 801 640 теңге, үйдің жылытылатын аумағы – 4 966, 3 шаршы метр. Жылу есептегіш бағасы 1 шаршы метрге – 161, 42 теңге. Бұл пәтер иесі 44,5х161,42 теңге = 7 183,19 теңге, сонда 4 жыл бойы ай сайын 149,65 теңге төлеуі керек болады.

Түйін: үйдің аумағы үлкен болған сайын үй иесінің төлемақысы соғұрлым төмен болады.

Үй иелері бірлесіп өз үйлеріне деген жауапкершілікпен қараған жағдайда, жылу есептеу құрылғыларындағы цифрлардың таңқаларлық болмайтыны анық. Жалпыүйлік есептеу құралдары - үнемдеу құралы емес, бар болғаны үнемдеуге деген сіздің тілегіңіздің көрінісі ғана екені есіңізде болсын.