Жылу есептегіштер - мемлекеттің энергия үнемдеу саясатының бір бөлігі

Қаланың әрбір тұрғыны кезекті есеп қағазын көргенде «коммуналдық қызметтің» шығынын қалай азайтсам екен деген ойға қалатыны сөзсіз. Былай қарасаң, барлық энергоресурстар өз бақылауыңда сияқты – суөлшегіштер мен электрөлшегіштер орнатылған, ал бірақ есеп сомасы төмендемейді.

Ал, жылу ше? Мұнда қаржы үнемдеуге бола ма?

Болады! Бірақ бұл жағдай үшін, әрине, жалпы үйлерге ортақ арнайы жылу есептегіш құрылғы орнату керек.

Оны орнатқаннан кейін тұрғындар қала бойынша жылудың орташа көлеміне емес, тек қана өзі пайдаланған жылу жылу үшін ғана төлей алады.

Негізінде, 2009 жылы Қазақстан Республикасы «Нарықта реттелетін табиғи монополиялар туралы» Заңында жалпы үйлерге ортақ жылу есептегіш құралды орнату үй иелері міндетті болып бекітілгендіктен, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырмаса керек-ті. Бірақ бұл міндет қаржылық және мекемелік қиындықтарға байланысты барлық мекемелерде бірдей жүзеге аспады. Қазір бұл себептердің алдын алды.

2014 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралын (ЖЖЕҚ) көпқабатты тұрғын үйлерге (КТҮ) орнату үшін бюджеттен, қайтарымды негізде, сегіз миллион теңге қаржы бөлгенін хабарлаған болатын. Жоба жетекшісі ретінде«ТҮҚШ даму қоры» АҚ (әрі қарай – Қор) тағайындалды. Мемлекет Қор арқылы жылу есептегіш құралды орнатуды қаржыландырады, ал тұрғындар жұмсалған қаржыны 4 жыл ішінде бірдей көлемде бөліп төлейтін болады.

ЖЖЕҚ орнатудың артықшылықтары.

Біріншіден, ЖЖЕҚ орнату арқылы КТҮ жылу энергиясын тұтынудың нақты және бейтарап көрсеткішін алуға болады.

Екіншіден, жылудың жалпыүйлік жүйеге қосылуы арқылы төлемінің азаюы маңызды фактор болып табылады. ЖЖЕҚ көрсеткіштері (соның ішінде онлайн-режимде) барлық жасырын су ағулары мен жылумен жабдықтау жүйесі екпінін көрсетеді және ПИК компаниялары басқаушысына осы жағдайларды жоюға көмектесіп қана қоймай, жылу торабы жұмысының тиімділігін бақылауда ұстауға мүмкіндік береді..

Үшіншіден, тұтынушылар нормативтен тыс жылу желілері ысырабы үшін төлем төлемейді.

ЖЖЕҚ бағасы.

ЖЖЕҚ бағасы КТҮ жылуторабы саны мен әрбір КТҮ таңдап алған жылу күшінің есебімен шартты құрылғы өту диаметріне байланысты болады.

ЖЖЕҚ жиынтығына жылуесептегіш, шығын есептегіштер, температураны өзгертетін құрал, вандализмге қарсы құрылғымен жабдықталған GSM-модем (мәліметті жинау мен тарату үшін) кіреді.

ЖЖЕҚ бағасына жылу энергиясы есептеу торабын монтаждау және төртжылдық қызмет көрсету кепілдігі, сонымен қатар,осы мерзім өткеннен кейін мемлекеттік тексеріс қызметі қосылған.

ЖЖЕҚ пәтер бойынша төлем мерзімі мен мөлшері табиғи монополияларды реттеу бойынша өкілетті орган арқылы бекітіледі және жергілікті БАҚ арқылы жарияланатын болады.

ЖЖЕҚ-ны орнату.

ЖЖЕҚ-ын сатып алу мен орнату үшін ПИК компанияларының басқарушысы мен КТҮ тараптары қосылып Жария келісім-шартқа қол қоюлары керек.

ЖЖЕҚ қымбат бағалы құрылғы болғандықтан, орнатылғаннан кейін оның сақталуы мен қолданылуы басқа да жалпыүйлік меншікпен тең дәрежеде қамтамасыз етілуі керек, сондықтан КТҮ пәтер (аумақ) иелері жиналыс арқылы ПИК компания басшысына пәтер иелері атынан сәйкесінше әрекет етуге өкілеттілікті беруі керек.