144 млрд. теңгеден астам қосымша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдетуге және қаржыландыруға бағытталатын болады

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің халықпен есеп беру кездесуі барысында 2016-2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар жоспары туралы айтты.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды және экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету бойынша жұмыс көзделген.

«Ағымдағы жылғы қыркүйек айында 2016 жылға арналған республикалық бюджет нақтылатын болады, ол кірістер бойынша болжамды ұлғайтуды және 2015 жылдың пайдаланылмаған қаражатын тартуды көздейді. 144,5 млрд. теңге көлеміндегі қосымша қаражат 2016 – 2017 жылдары экономиканың өсуіне мультипликативтік әсері бар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдетуге, агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібінің жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады» - деді Бишімбаев.

Бұдан басқа, 2016 жыл соңына дейін экономиканың өсуін қатамасыз ету үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және 2016 жылғы дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жоспары шеңберінде жоспарланған қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру жоспарланып отыр.

Тұрғын-үй құрылысына бөлінген 70,3 млрд теңге мөлшеріндегі уақытша бос қаражат және 85,1 млрд. теңге мөлшеріндегі БЖЗҚ-ң қаражаты (барлығы 155,3 млрд теңге) айналым капиталын қаржыландыруға, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы 2017 жылдың маусымына дейін қайтаруымен қайта өңдей өнеркісібін экспорт алды және экспорттық несиелеуге бағытталатын болады.

Экономиканың өсуіне жылдам әсер ету үшін а.ж. екінші жартыжылдығында ішкі сұранысты ынталандыруға үкіметтің арнайы резерві есебінен 91,5 млрд. теңге бағытталатын болады.

Сонымен қатар, өнім шығарудың қысқаруы байқалып отырған экономика салаларында өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз етіледі.

«Жалпы өңдеу өнеркәсібінде өсуді ынталандыру үшін магистральдық теміржол желісі және электр энергиясы қызметтеріне уақытша төмендету коэффициентін, жеңілдікті шартпен айналым капиталын, лизингтік қаржыландыруды және экспорттық/экспорталды кредиттеуді ұсыну жөніндегі, сондай-ақ сыртқы сауданы реттеу шаралары қабылданатын болады» - деп хабарлады Бишімбаев.

Министрдің пікірінше осы шаралар 2016 жылғы маусым-шілдеде экономиканың өсуіне мүмкіндік беретіні, 2016 жыл қорытындысы бойынша - 0,5% деңгейінде күтілуде.