2016 жылғы қаңтар-мамырдағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 99%-ды құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-мамырда 2015 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 99% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2016 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2287,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 10,8% артық.

2016 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6941,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,2% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,9%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,7% төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 590,2 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,7% артты.

2016 жылғы қаңтар-мамырда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,2%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 199 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,6% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 102,2 млрд. жкм құрап, 1,7% артты.

2016 жылғы қаңтар-мамырда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 95,4%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-мамырда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 94,9%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 2709,5 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 98,7% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 6043,8 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,1% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы 18234,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-сәуірмен салыстырғанда 29,8% төмендеді, оның ішінде экспорт – 11029,1 млн. АҚШ долларын (31,2% аз), импорт – 7205,2 млн. АҚШ долларын құрады (27,7% аз).

2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 370492 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 361357 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 230106 құрады, оның ішінде 221345 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы мамырда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,3%, азық-түлік емес – 4,2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы мамырда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ­4,5% жоғарылады.

Әлеуметтік сектор

2016 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 72475 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы сәуірге қарағанда 9,3% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 6% төмендеді.

2016 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 133991 теңгені құрады.

2016 жылғы мамырда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 436,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы мамырда соңына 72,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8%.