Көпқабатты үйлердегі жалпыүйлік жылу есептеуіш құралдар: көпқабатты үйлерде жылуды үнемдеуді үйренеміз

Жылудың тарифі халық үшін ең бір даулы және алаңдататын мәселелердің бірі. Жаңадан енген кез-келген жаңалық сияқты бұл есептегіш құралдары да әлеуетті тұтынушылардың көптеген сұрақтарын туғызатыны белгілі. Бірінше кезекте, оның шынайы артықшылығы қандай, қаншалықты қолжетімді және сенімді, шынымен жылуды үнемдей алам ма? – деген сұрақтар тұрады.

«Энергияны үнемді пайдалану мен энергияның тиімділігі туралы» 2012 жылдың 1маусымынан бастап қолданысқа енгізілген 2012 жылдың 13 қаңтардағы №541-IV ҚР Заңнамасының 8 тармағының 4 тармақшасына сәйкес тұтынушылар электр есептегіш құралдардың болу, болмауына сәйкес сараланған тариф бойынша төлейтін болады. Енді жалпыүйлік есептегіш орнатқан жеке тұлға 20% аз төлейтін болады. Бұл жаңа тәртіп құрылғыларды орнатуға деген жаңа экономикалық ынталандыру болып табылады.

Жалпыүйлік есептегіш құралдар үйдің жылуының мөлшерін анықтайды, жылуды бақылайды, оның параметрлерін есептеп тіркейді. Ол құралдар жиынтығынан тұрады және жертөледе орналастырылуы керек. Жалпыүйлік есептегіш құралдар тек қана жылуды есептеп қоймай, сонымен қатар, жылу сапасы параметрлерін (қысымы, температурасы т.б.) есептейді, егер бұл параметрлер анықталмаған жағдайда жылуды шектен тыс көп пайдалануға әкеледі. Оның көмегімен үйге дейін пайдаланылған жылудың көлемін есептеп, тұрғын үй жылумен жабдықтау жүйесіндегі шығынды анықтауға болады. Жалпыүйлік есептегіш құралды орнату үшін пәтер иелерінің жалпы жиналысындағы орнату туралы шешім шығарған хаттамасы керек. Одан кейін үй тұрғындары ПИК арқылы жылу жеткізушімен келісімге келгеннен кейін, есептегішті орнатады, ал тұрғындар өз кезегінде бұл қызметі үшін белгілі уақыт аралығында ақы төлеуі тиіс.

Жылу жабдықтаушы мекемелер өкілдері мен ПИК арқылы ай сайынғы көрсеткіштер алынады. Келсімшартқа отырған жағдайда ақыны 48 айға дейін бөліп төлеу қарасталыған. Бұл ретте жылу тарифіне бұл шығындар енгізілмейді.

Түбіртекте есептегіш құралды алу мен орнатуды көрсететін жеке жол қарастырылады.

Тұтынушылармен келісімшарт негізінде, заң бойынша табиғи монополиялар субъектісі коммунальдық қызметтерді реттейтін есептегіш құралды алып орнатып беруге міндеттеледі. Осы заңда тұтынушылар да келісімнің шарттары бойынша көрсетілген толық көлемде және уақытылы ақысын төлеп есептегіш құралды орнатуы керек. Есептегіш құралды алу мен орнатуды кейбір тұрғындардың жағдайы көтермейтіндігін назарға алып, Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұрғын үйлердегі пәтерлер саны немесе алаңның аумағына байланысты ақысын бөліп төлеу немесе сараланған тәсіл арқылы төлеу ережесін қарастырған. Жылу есептегіш құралдар тұтынушыға іс жүзінде пайдаланылған энергия көлеміне ақы төлеуге мүмкіндік беріп, ғимаратқа жіберілген электр энергиясын бөлу мен реттеу мүмкіндігі туралы ойлануға мәжбүр ететінін еске саламыз. Ең бастысы тұтынушы іс жүзінде қолданған энергия көлеміне ғана ақы төлейді.