ҚР ҰЭМ «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕО жобасымен бірлесе отырып, Өңірлік даму және басқару тәжірибесінің мәселелері жөніндегі өңіраралық форум өткізді

10 маусымында Қазақстанның әр өңірлерінен келген үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың 140-н астам өкілдері Өңірлік даму және басқарудағы іс-тәжірибелер бойынша бір күндік аймақаралық форумда бас қосты. Форум ҚР Ұлттық экономика министрлігімен (ҰЭМ) және «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕО жобасымен (Жоба) бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты өңірлік даму мәселелеріне қатысты озық тәжірибелермен алмасу және өңірлер арасында өзара тиімді байланыстар орнату болды.

Форум өңірлік даму және өңіраралық ынтымақтастық тақырыбындағы нәтижелі пікірталастарға бағытталған алаң ұсынды. «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕО жобасы төрт жылдай қызмет етіп келе жатқан Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері өңірлік туризмді дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару, нәтижеге бағытталған өңірлік бюджеттік жоспарлау, инновацияларды дамыту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелеріне қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өткізілген консультациялар негізінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің мүшелері мен Жоба сарапшылары өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі өз ұсыныстарын айтты. Бірқатар семинарлар ұйымдастырылған болатын, онда қатысушылар алдағы өңіраралық ынтымақтастықты талқылауға белсенді түрде ат салысып, басқа өңірлердегі әріптестермен өзара қарым-қатынастың әлеуетті бағыттарын анықтаған. Бұл байланыстар өңіраралық ынтымақтастықтың толыққанды жобаларына шоғырлануы мүмкін деп күтілуде.

Ұлттық экономика Вице-Министрі, Роман Скляр: «Бұл форум өңірлер арасында тәжірибе және білім алмасу үшін тамаша алаң болып табылады және елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өңірлер арасында өзара іс-қимыл үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», деп атап өтті.

ЕО жобасының басшысы доктор Колм МакКлементстің айтуынша,: «Қазақстан сияқты географиялық ауқымдағы мемлекетте өңірлер арасындағы бірлескен байланыстарды дамыту қажет. Бұл тек экономикалық және іскери тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар ортақ мәселелерге қатысты бірлескен шешімдерді қалыптастыруда маңызды болып табылады. Тиімдірек болу ұмтылысында, азаматтарға неғұрлым сапалы қызмет көрсетуде және өңірлік экономиканы әртараптандыруды ынталандыруда барлық өңірлік әкімдіктер бір-біріне өте ұқсас мәселелерге тап болады. Бірлесіп жұмыс жасай отыра, олардың өзара пікір алмасуға және бірлескен жоспарлар мен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі пайда болады. Бұл Еуропалық Одақтың барлық елдерінде болып жатқан процесс. Бұл форум Қазақстанның өңірлері арасындағы ынтымақтастықтың осы үлгілеріне бастамашылық етуге мүмкіндік береді».

Форумға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдерімен қатар, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің мүшелері, Экономикалық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар қатарында сонымен бірге 14 облыстық әкімдіктердің, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері, «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕО жобасының сарапшылары және басқа да мүдделі тұлғалар болды.

Өңірлік даму және басқару тәжірибесінің мәселелері жөніндегі өңіраралық форум «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕО жобасы аясында өткізіледі. Жоба Еуропалық Одақпен қаржыландырылады және GDSI Limited, Ирландия басшылық ететін консорциуммен жүзеге асырылады. Төрт жылдық (2013-2017жж.) жобаның жалпы бюджеті 6.288.000 евроны құрайды.