2016 жылғы 14 маусымдағыҚР Үкіметінің отырысындағы ҚР Ұлттық экономика министрі Қ.У. Бишімбаевтің баяндамасы

Елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы баяндауға рұқсат етіңіз.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкер субъектілерінің саны 2016 жылы 1,3% пайызға дейін өсті.

Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 146 576 адамды құрды, бұл 2014 жылдан 2,8% пайызға артық.

Шағын және орта бизнес субъектілерімен 15 858,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді немесе 2014 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 1,8% пайызға артық.

Шағын және орта бизнестің жоғарыдағы көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан екінші деңгейдегі банктермен экономиканың несиелеуін қысқартуы және сыртқы конъюнктураның нашарлауы себебінен елдің экономикасына осы кәсіпкерлік сегменті үлесінің төмендеуі байқалады. Бүгінгі күні шағын және орта бизнес субъектілерінің ішкі жалпы өнімдегі салымының үлесі өткен жылдың 26,2% пайызына қарсы 25,6% пайызды құрайды.

Осының себебімен шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын негізгі мәселелері, ол қаржыландырудың жеткіліксіздігі, ірі қалалардан тыс өтімді кепілдік мүлкінің жоқтығы, екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнеске несие беру кезіндегі кедергілері, өтім нарықтарына қол жеткізу жағдайларының болмауы.

Өз кезегінде, ШОБ нақты қолдау көрсету үшін өткен және ағымдағы жылдарда келесі жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің Бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілерін жеңілдікті қаржыландыруына 200 млрд. тенге бөлінді.

2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша револьверлік орналастыру есебінен 260 млрд.теңгеден жоғары сомаға 1 353 ШОБ жобасы қаржыландырылды.

Бұл 740 млрд. теңге сомаға өнім шығаруға, 15 700-ден астам жұмыс орындарын құруға, 66,8 млрд. теңге бюджетке түсетін салық сомасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«БЖК 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылда 64,8 млрд. теңге кредит сомасына 640 жоба субсидияланды 272 кепілдік берілді.

ШОБ өнімдеріне қосылған құнын арттыру және максималды нәтижеге жету үшін субсидиялар мен кепілдіктер бойынша шаралар тиімді кәсіпорындарға қайта бағдарланды.

Инженерлік инфрақұрылымды ағымдағы жылдың соңына дейін 16,5 млрд. теңге сомасына ШОБ 34 жобасына жеткізу жоспарланған.

Жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 59,8 млн. теңге сомасына 47 мемлекеттік грант берілді, өз ісін ашуға және кеңейтуге 286,6 млн. теңге сомасына 76 микрокредит берілді.

Кәсіпкерліктің құзыретін арттыру мақсатында 7 000-нан астам кәсіпкер оқытылды, 6 936 астам кәсіпкерлерге 11 000 қызмет көрсетілді.

Бірыңғай бағдарламасын іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қатысушылармен 37 млрд. теңге сомасына салық төленді, жиынтық өнім көлемі 370 млрд. теңгені құрды, 8 мың жұмыс орындары құрылды. Орта есеппен бөлінген 1 теңге бюджеттік қаржы 1,5 теңге салық төлемдерін тартады, 1 қатысушыға 20 жүмыс орын келеді және еңбек өнімділігі 9 млн. теңгені құрады.

2016 жылға Дағдарысқа қарсы қосымша шаралар шеңберінде ШОБ-тың айналым капиталына және қарыздардың қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарынан 200 млрд. теңге көлемінде ШОБ қажеттілігін қорландыру, сондай-ақ 65 млрд. теңге көлемінде халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаттарын тарту көзделген.

ШОБ одан әрі ынталандыру үшін өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыру бойынша қосымша қолдау шаралары пысықталуда.

Анықтама ретінде: Түпкілікті қарыз алушыға сыйақы мөлшерлемесі 12,7% аспайтын 155,3 млрд. теңгені жіберу және мұндай несиелерді БЖК-2020 арқылы құнын 5% арзандату жоспарлануда.

ШОБ нақты қолдау көрсетумен қатар бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар құру бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілуде.

Бұл бағытта соңғы екі жылда 5 заң актілері қабылданды, олармен 100-ден астам заңдар мен 10 кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы жұмыстың нәтижесінде, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметі тәуекелдерді басқару жүйесіне көшу жолымен жетілдірілді; жеке бизнес қатысатын салаларда мемлекеттің қатысуы шектелген; өзін-өзі реттеу институты енгізілді; рұқсат беру құжаттарының саны екі есе қысқарылды; реттеушілік әсерді талдау арқылы «ақылды реттеу» құралы жүзеге асырылды; бизнес-омбудсмен өкілеттігі күшейтілді; мемлекеттік реттеу Кәсіпкерлік кодексінде жүйелендірілді.

Қазақстанның «Doing Business» рейтингідегі алдыңғы 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында рәсімдер санын, мерзімдерді және бизнестің қаржылық шығындарын қысқартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің төрт топтамасы қабылданды.

Дағдарысқа қарсы қосымша шараларды орындау үшін Ұлттық Банкке ҰКП және халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп, барлық тараптар үшін қолайлы БЖЗҚ қаражаттарын орналастыру және кредиттік желілер бойынша валюталық свопты ұсыну шарттарын әзірлеу қажет.