2016 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасында инфляция 2,5% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2016ж. ақпан 2015ж. желтоқсанға) 2,7%, азық-түлік емес тауарларына – 1,8%, ақылы қызметтерге – 2,8%-ға өсті.

пайызбен, өсуі

2016 ж. ақпан

2016ж. қаңтар-ақпан 2015ж. қаңтар-ақпанға

2016ж.

қаңтарға

2015ж.

желтоқсанға

2015ж.

ақпанға

2010ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

1,1

2,5

15,2

49,0

14,8

Азық-түлік тауарлары

0,9

2,7

12,4

46,2

12,0

Азық-түлік емес тауарлар

0,8

1,8

25,4

51,3

24,6

Ақылы қызметтер

1,6

2,8

8,9

49,9

8,7

Ағымдағы жылдың басынан (2016ж. ақпан 2015ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге 8,7%, қантқа – 8,5%, қара шайға – 6,2%, нанға – 5,8%, жұмыртқаға – 5,4%, жаңа жиналған жемістерге – 5,3%, күнбағыс майына – 5%-ға, жармаларға, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 3,9%-дан, макарон өнімдеріне – 3,6%, мәйекті ірімшікке – 3,5%, сүзбеге – 3,2%, құс етіне – 2,9%, консервіленген сүтке – 2,5%, кондитерлік өнімдерге – 2,2%, салқындатылған сусындарға – 2%, 1 сұрыпты ұнға – 1,9%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 1,8%, балық және теңіз өнімдеріне – 1,5%, шұжық, ет өнімдеріне – 1,4%-ға, күрішке, қышқыл сүт өнімдеріне – 1,3%-дан тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 7,3%, тұрмыстық аспаптарға – 3,5%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 3,1%, тоқыма бұйымдарына – 2,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке қолданатын тауарларға – 2,5%-дан, автомобильдерге – 2,3%, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға – 2,2%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 1,8%, киім және аяқ киімге – 1,2% құрады. Баға бензинге 0,8%, дизель отынына – 0,3%-ға төмендеді.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 3,6%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 2,6%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының – 1,1%-ға өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 9,3%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 1,8%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,4%, орталықтан жылытуға – 7%, ыстық суға – 6,3%, қоқыс шығаруға – 5,2%-ға, электр энергиясына, суық суға – 4,4%-дан, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%-ға жоғарылады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2016 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 36,7%, азық–түлік емес тауарлар – 31,4%, ақылы қызметтер – 31,9%–ды құрады.