Ұлттық экономика министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес әдеп жөніндегі уәкіл болып Заң департаментінің директоры Дәурен Мұратбеков тағайындалды.

Дәурен Мұратбековтың екі жоғары білімі бар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «қаржы бакалавры» мамандағы бойынша бітірген.


Еңбек жолын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Заң департаментінің директоры қызметіне дейін көтеріліп, барлық кәсіби өсу баспалдақтарынан өткен.

2006 жылдан бері ҚР ЭжБЖМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің сарапшы, бас сарапшы, ҚР ЭДСМ Экономика салаларын дамыту департаментінің басқарма басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2011 - 2014 жылдары «Ұлттық инновациялық қор» АҚ орталығы директорының орынбасары және «Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ орталығының басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бері ҚР ҰЭМ Заң департаментінің директоры.

Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу шараларын қамтамасыз ету кіреді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды айына бір рет әр екінші бейсенбіде сағат 16.00-дан 18.00-ге дейін қабылдау жүргізіледі № 612 кабинет, тел. 74-28-06.