МЖӘ туралы заң мемлекет пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың негізгі тетіктері Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы шеңберінде қабылданған жаңа «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» (МЖӘ) заңда көзделген.

МЖӘ бизнеске өзара тиімді шарттарда ұлттық экономиканың барлық салаларында, оның ішінде мектептер, балабақшалар, емханалар, автомобиль жолдары салуда және т.б. мемлекетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық құру жолымен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, мемлекет әлеуметтік саласының мәселелерін шешу, бизнес – кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар мен пайда алу үшін қосымша мүмкіндік алады.

Заңның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен жеке сектор арасында қолжетімділік деңгейін және қоғамдық игілік пен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ресурстарды біріктіру жолымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту болып табылады.

«Білім беру, денсаулық сақтау және автожол құрылысы сияқты негізгі салалармен қатар, Заң ерекше стратегиялық маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақты, су шаруашылығы құрылыстарын (бөгеттер, су тораптары) қоспағанда экономиканың барлық салаларымен аяларында МЖӘ дамытуды болжайды» - деп атап көрсетті ҚР ҰЭМ Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев.

Нұрым Аязбаев МЖӘ туралы заңның қабылдануымен Қазақстанда ол мемлекет жоспарланған МЖӘ жобасы туралы жариялаған, ал барлық мүдделі тұлғалар жоба тұжырымдамасын, конкурстық құжаттаманы және МЖӘ шарты жобасын талқылауға және әзірлеуге қатыса алатын жағдай. «бәсекелік диалог» тетігі енгізілуде деп түсіндірді,

Заңның негізгі жаңалықтары:

1. Жеке әріптес өзінің меншігіндегі объекті бойынша жобаға бастамашылық ете алатын тікелей келіссөздер өткізу мүмкіндігі (жеке қаржылық бастама).

2. МЖӘ жобаларында квазимемлекет тарапынан да сол сияқты жеке әріптес тарапынан да мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері қатысуы мүмкін.

3. Келісімшарттың (сервистік келісімшарттар, тіршілік кезеңі келісімшарттар) жаңа түрлері және басқа жаңалықтар енгізілді.

Жаңа МЖӘ Заңын іске асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер әзірленді: 6 бұйрық, 2 қаулы мен 1 Президент Жарлығы (МЖӘ беруге жатпайтын объектілер тізбесі бойынша)

Қазіргі уақытта МЖӘ жобаларына бастамашылық жасаудың үш тәсілі бар.

Біріншісі. «Концессиялар туралы» Заң шеңберінде. Жобаның іске асырылуы кейін концессиялық ұсыныстар, конкурстық құжаттама мен концессиялар шартының жобасын әзірлей отырып, мемлекеттік инвестициялық жобаға инвестициялық ұсынымнан туындайды.

Екіншісі, жаңа «МЖӘ туралы» Заң шеңберінде. Концессиямен салыстырғанда МЖӘ жобаларын жоспарлау кезеңі оңтайландырылған, яғни ол тікелей МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеуден басталады. Егер концессия көбіне ірі инфрақұрылымдық жобаларға бағдарланған болса, онда жаңа Заң жеңілдетілген рәсімдер бойынша өткізе отырып, «шағын жобаларды» өңірлік деңгейде тез арада іске қосуға мүмкіндік береді.

Жобаға бастамашылық етудің үшінші тәсілі- жекеменшік қаржылық бастамашылық.

Халықаралық тәжірибеде қолданылатын жекешелік әріптестікті анықтаудың жаңа тетігі тікелей келіссөздер жүргізу жолымен МЖӘ шартын жасасуға мүмкіндік береді. Жеке әріптесте оның МЖӘ жобасы базасында іске асыру үшін дайын объектісі болған кезде МЖӘ шарттары жасалуы мүмкін. Бұл ретте жеке әріптес мемлекетпен келіссөз процесіне өз бетінше бастамашылық етуге және тиісті шарт жасасуға құқылы.

Осынған ұқсас тетік: егер жеке әріптестіктің зияткерлік меншік объектілеріне айырықша құқығы болған жағдайда мүмкін.

Бүгінгі таңда МЖӘ-нің барлық қажетті заңнамалық және әдістемелік базасы әзірленген, сондай-ақ институционалдық жүйесі қалыптастырылды.

Бюджеттік қаражатының шектеулі болған жағдай МЖӘ Үкіметтің, өңірлер мен бизнестің өзара тиімді шарттарда ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құру жолымен әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырудың нақты баламасына айналды.