Мәжілісте жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдағы 4 айдың қорытындылары бойынша тұрғын үйдің 3,2 млн. ш. метрі пайдалануға енгізілді, 27 мыңнан жоғары отбасының тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселелері бойынша дөңгелеу үстел барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр хабарлады.

Азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста құрылыс нарығын ынталандырудың арқасында 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы алдын ала мәліметтері бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 6% өсуі байқалды (2015 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда нақты кұрылыс секциясы бойынша жалпы косылған құн) деді Роман Скляр.

2015 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға 8,9 млн. ш. метр тұрғын үй берілген немесе 2014 жылға 119%, оның ішінде:

- мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарға және ұйымдарға - 1,45 млн.ш. метр тұрғын үй берілді, бұл республикада тұрғын үйді енгізудің жалпы көлемінен 16,3 % құрады;

- меншіктің жеке нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдармен және халықпен - 7,4 млн. ш. метр немесе тұрғын үй берілді немесе енгізудің жалпы көлемінен 83,7 %.

Республика бойынша 79 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарттық.

Ағымдағы жылдағы 4 айдың қорытындылары бойынша тұрғын үйдің 3,2 млн. ш. метрі немесе 2015 жылдың ұқсас кезеңіне 121,6% пайдалануға енгізілді.
27 мыңнан жоғары отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарттық.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Ипотекалық Компаниясының («ҚИК» АҚ) желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға Ұлттық қордан 115 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Сондай-ақ, бұрынғы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша 2013-2014 жылдарда алынған 29,2 млрд. теңге тұрғын үй құрылысына жіберілді.

Нәтижесінде ЖАО-да кезекте тұрғандардың 13,7 мыңы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, оның ішінен 2015 жылы 7 234 адам жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Тұрғын үйді уақытында пайдалануға енгізуді қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылыс объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмыстарын жеделдету қажет.

2015 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына Ұлттық қордан - 17,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде әкімдіктермен - 17 млрд. теңге немесе 97% игерілді.

2016 жылы 78,5 млрд. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 маусым жағдайы бойынша әкімдіктермен – аударылған 14,1 млрд. теңгенің - 11,9 млрд. теңгесі немесе 84,7% игерілді.

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды орындау үшін Министрлік «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заң жобасын және тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың қосымша тетіктерін енгізуді көздейтін ілеспе заң жобасын әзірледі.

Заң қорғау тетіктерін және үлескерлер қаражатына кепілдік беруді көздейді және үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың мына тәсілдері кіреді:

1) үлестік салымдарға кепілдік беру;

2) екінші деңгейлі банктің жобалық қаржыландыруы;

3) Құрылысшының өз қаражаты есебінен тұрғын үй ғимаратының «қаңқасын» салу.

Жалпы, заң бұл ретте, құрылысты салуда және тұрғын үйді пайдалануға енгізуде азаматтың салынған ақша қаражатын максимал қорғай отырып, халықтың әр санаты үшін бастапқы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға, үлескерге құрылыс барысын қадағалауға және құрылысшыға әсер ету іс-шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Аталған заң 2016 жылғы қазанда күшіне енеді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметі бірқатар іс-шараларды қабылдады және құрылыс саласының бизнес-климатының жақсаруына қарай жұмыстар жалғасуда, бұл құрылыс саласын инвестициялау үшін айқындықты, ашықтықты, тартымдылықты арттыруға мүмкіндік береді, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде құрылыс ұйымдары жұмыстарының жаңа мүмкіндіктерін ашады, бұл тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалуын қамтамасыз етеді» - атап кетті өз сөзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр.