Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елдер қатарына кіру бойынша мақсаттарға жетудегі ЭДЫҰ елдерінің тәжірибесін пайдалануға ниетті – Бишімбаев

Парижде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев басқарған Қазақстан делегациясының қатысуымен ЭДЫҰ Министрлер Кеңесінің отырысы өтті. Қатысушылар саудаға қаражат салуды нығайту және инклюзивтік өсімге инвестиция, сондай-ақ, тұрақты дамытудың интеграциялық және қайта құрумақсаттарын енгізу бойынша тақырыптар талқыланды.

Кездесудің негізгі тақырыбы «2030 жоспар: инклюзивті және тұрақты өсім үшін әмбебап күн тәртібі» болды. Қ. Бишімбаевтың пікірі бойынша, аталмыш тәртіп біздің республикамыздың әлемнің бәсекеге ең қабілетті елдер қатарына кіру жоспарымен үйлеседі.

Сонымен қатар, Қазақстан республиканың ЭДЫҰ бірқатар декларациялары мен ұсыныстарына қосылуын қарастыратын ел бағдарламасының аяқталуына жақын.

«Ел бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік саясатының түрлі аспектілері зерттелді, ұсынымдар тудырылды, олардың көбі Қазақстан тіршілігінің түрлі саласын жаңғыртуға бағытталған заңдарға негіз болды» - деді Қ.Бишімбаев.

Бағдарламаны іске асыру ішінде Қазақстан сандық үкіметті, білім беру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік аясында гендерлік тендік құру, сондай-ақ халықаралық бизнес және қаржы мәміле жасау барысында ашықтық саласында алға басты.

Қ.Бишімбаев 2016 - ЭЫДҰ Министрлер Кеңесінің отырысына қатысу тұрақты экономикалық өсім үшін дамыған елдер қазіргі уақытта қандай шара қабылдағанын көруге, сонымен қатар Қазақстанға қатысты ұсынымдар беруге мүмкіндік беретінін атап өтті

Анықтама:

Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының (ЭДЫҰ) мақсаты тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және ел-мүшелердің тіршілік деңгейін көтеруге бағытталған үйлестірілген саясат жүргізу болып табылады. Әлемдік ЖІӨ 60% келетін ЭЫДҰ құрамына 35 ел кіреді.