ҚР Үкіметі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қ.У. Бишімбаевтің баяндамасы, 06.06.2016 ж.

1. 2015 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Ұлттық қорынан 770,1 млрд. теңге, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 705,3 млрд.теңге немесе жылдық жоспардан 92% игерілді.

2016 жылы 1 маусым жағдайы бойынша 744,8 млрд. теңге немесе 97% игерілді. Қаражат жоспарға сәйкес келесі бағыттар бойынша игерілді:

1) тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 92,5 млрд. теңгеден 82 млрд.теңге игерілді. 2016 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 26,8 мың шаршы метр (410 пәтерлер) салынды және сатып алынды. 10,5 млрд. теңге көлеміндегі қалған қаражат қарыз қаражаттың қолжетімділік мерзімі шеңберінде 2016 жылы келісілген келісім-шарттар бойынша игерілетін болады, нәтижесінде 2016 жылы 216,8 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үйлер немесе 4,1 мың. пәтерлер қосымша пайдаланылады.

2) отандық авто өндірушілерді несиелендіру шеңберінде 30 млрд. теңгеден 25,3 млрд. теңге игерілді, отандық автоөндірушілердің автокөлігін сатып алуға ЕДБ 6 231 несие берді. 4,7 млрд.теңге көлемінде қалған қаражат қарыз қаражаттың қолжетімділік мерзімі шеңберінде 2016 жылдың екінші жартысында игерілетін болады.

3) кәсіпкерлікті қолдау үшін 2015 жылы бөлінген 100 млрд. теңге шеңберінде 112,4 млрд. теңге сомасында 448 жобалар қолдау тауып, 105 млрд. теңге сомасында 430 жоба қаржыландырылды, оның ішінде:

- 63,2 млрд. теңгеге өңдеу өнеркәсібіндегі КОБ субъектілерінің 386 жоба,

- 41,8 млрд. теңгеге өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің 44 жоба.

Ақша қаражатты толық игеру револьвердік тетік арқылы екінші ретті игерумен байланысты.

2. 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Ұлттық қорынан 839,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде 503,4 млрд.теңге және ұлттық холдингтердің облигациялық қарыздары арқылы 336,5 млрд. теңге қарастырылған.

2016 жылы 1 маусым жағдайы бойынша 99,1 млрд. теңге немесе 12 % игерілген, оның ішінде:

1) көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша – 47,2 млрд. теңге, оның ішінде

- республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және реконструкциялауға 35,2 млрд. теңге.

2016 жылы жалпы шамамен 900 км. республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және реконструкциялау жоспарланған.

- Алматы-Шу учаскесінде екінші т/ж жол құруына 8 млрд. теңге;

- Құрық портында паромдық өткелін құруына - 4 млрд. теңге.

Осы бағыт бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат республикалық бюджет және құру жұмыстар төлеу бойынша игеріледі.

2) жылу-, сумен жабдықтау және су тарту жүйесін модернизациялау – бюджеттік кредиттеу арқылы қаржыландыру жоспарына сәйкес 16,6 млрд. теңге.

Осы бағыт бойынша ағымдағы жылғы сәуірде игеруі ҚР Үкіметімен кредиттеу және табиғи монополия субъектілеріне қаражатты игеру қолжетімділігінің мерзімін 2 жыл қарастыратын ЖАО-мен кредиттік шарттар жасау бекітілгендіктен кейін басталды.

Жалпы, 2016-2017 жылы инженерлік желілерінің 1 184 км, оның ішінде жылумен жабдықтау 92 км, сумен жабдықтау жүйесінің 816 км және су тарту жүйесін 276 км құруы және реконструкциялауы жоспарлануда.

3) тұрғын үй инфрақұрылымды нығайту бағыт бойынша-21,1 млрд. теңге, оның ішінде:

- жалпы салу аймақтарда инженерлік-коммнукациялық инфрақұрылымды ЖАО-мен құруына қаржыландыру жоспарына сәйкес 14 млрд. теңгеден 11,9 млрд. теңге игерілді.

Жалпы 2016 жылы инженерлік желілердің 3200 км. құруы жоспарлануда.

- «КИК» ИҰ» АҚ жалға берілетін тұрғын үйді құруына 9,2 млрд. теңге. Бұл ретте, 2016 жылы 128,4 мың шаршы метр және 2008 пәтерді пайдалануға енгізумен 22 млрд. теңге сомасына шарт жасалған;

4) білім беру инфрақұрылымды дамыту шеіберінде қаржыландыру жоспардағы 14 млрд. теңгеден 13,1 млрд. теңге игерілді. Жалпы 2015 жылда бастаған 2016 жылы 33 мектептердің құруы аяқталатын болады және 2017 жылы аяқталу мерзімен 42 жаңа мектеп құруы бастаған.

Төмен игеруі Астана қ., Алматы және Шығыс- Қазақстан, облыстарында көзделген.

5) жетіспейтін инфрақұрылымды кәсіпкерлік объектілерге «Бизнес жол картасы 2020» шеңберінде жеткізуіне ЖАО-мен 1,35 қаржыландыру жоспардан 1,11 млрд. теңге игерілді.

Инфрақұрылымды жеткізуі 2016 жылы жалпы 275 мрлд. теңге сомасына жеке инвестициялардың көлемімен кәсіпкерлік жобаларын іске асырудың бастауға және 23 мың жұмыс орны құруға мүмкіндік береді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның желісі бойынша кредиттік және жалдамалы тұрғын-үй құрылысының 2 жыл ішінде тұрғын-үй құрылысының шартталған көлемдері бойынша қаражаттың кезең-кезеңмен игерілуін көздейтін ерекшеліктеріне қарай, 2016 жылы қаражаттың ішінара игерілуі келесі бағыттар бойынша күтілетінін атап өткім келеді:

1. «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша жалдамалы және кредиттік тұрғын-үй құрылысына көзделген 113 млрд. теңгеден 88 млрд. теңге игеру күтілуде.

Жалпы 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен 324,5 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын-үй (шамасы 5600 пәтер) және 366,5 мың шаршы метр кредиттік тұрғын-үйді (шамасы 6400 пәтер) пайдалануға енгізу жоспарланған.

2. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы ЖАО-мен кредиттік тұрғын-үй құрылысына көзделген 67 млрд. тенгеден 41,7 млрд. тенге игеру жоспарлануда.

2016-2017 жылдары ЖАО-мен 542,1 мың шаршы метр кредиттік тұрғын-үй немесе 9 030 пәтер пайдалануға енгізіледі.

3. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы арқылы коммерциялық тұрғын-үй құрылысына көзделген 97 млрд. теңгеден 61,1 млрд. теңге игеру күтілуде.

2016-2017 жылдары «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы 498,2 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын-үйді немесе 10 659 пәтерді пайдалануға енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар, автожол жобаларының қаржыландыру схемасын үкіметтік қарыздарынан мемлекетпен кепілдендірілген қарыздарға өзгеруіне байланысты ХҚҰ-мен қоса қаржыландырылатын жобаларға көзделген 41,3 млрд. теңгеден 15,3 млрд. теңге игеру күтілуде.

Сонымен, 2016 жылы қарастырылған 839,9 млрд. теңгеден игеру болжамы 727,7 млрд. теңгені немесе 87% құрайды.

Осыған байланысты, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес «Нұрлы жол» Мембағдарламасымен жоспарланған қаражаттың 2016 жылы тиімді пайдалану бойынша ұсынысы, оның ішінде Мембағдарламаның жоғарыда аталған бағыттары бойынша 112,2 млрд. теңге көлемінде күтілетін резевтерді қайта бөлу, 2016-2017 жылдары жағымды экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды әзірлеу шеңберінде ұсынылады.

Бұл ретте, «Нұрлы жол» Мембағдарламасын іске асырылуынан бастап 200 мың жұмыс орны құрылды, 11 385 отбасы тұрғын-үймен қамтамасыз етілді. Инфрақұрылым объектілерінің құрылысында тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қазақстандық қамтуы 80% құрады.

2016 жылдың сонына дейін «Нұрлы жол» Мембағдарламасын іске асыру қосымша 13 485 отбасын тұрғын-үймен қамтамасыз етуге және 20 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.