Қуандық Бишімбаев ЭЫДҰ Министрлер Кеңесінің отырысына қатысады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2016 жылғы 2 маусымда Париж қаласы (Франция) ЭЫДҰ штаб пәтерінде өтетін 2016 - ЭЫДҰ Министрлік Кеңес отырысына қатысады.

Отырыстың негізгі тақырыбы «Инклюзивті өсу үшін нәтижелілікті көтеру» болып табылады. Отырыс шеңберінде «Инклюзивті және тұрақты өсім үшін әмбебап күн тәртібі: 2030-ға жоспар» және «Инклюзивті өсім үшін сауда және инвестицияларға салымды күшейту» тақырыптарына презентация өткізуді қоса іс-шаралар қатары жоспарланды. Презентация барысында тұрақты даму мақсаттарын еңгізу және мониторингілеу үшін ЭЫДҰ қолдау мүмкіндігін, сондай-ақ инвестициялық болжам және ғаламдық сауда жағдайын қарау жоспарлануда.

Отырыста сонымен қатар Қазақстан Республикасының Елдің бағдарламасын іске асыру, ЭЫДҰ Еуразия бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы, сондай-ақ ҚР монополияға қарсы заңнамасын ЭЫДҰ халықаралық тәжірибе және стандарттарына сәйкес келтіру мәселелері талқыланатын болады.