Қуандық Бишімбаев және Артур Лаффер Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты ынтымақтастығының перспективаларын талқылады

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев АҚШ Президенті Р.Рейганның бұрынғы кеңесшісі Артур Лаффермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ-тың сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды, сонымен қатар Артур Лаффер салық салу жүйесін жетілдіруге, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерін реформалауға қатысты бірқатар кеңес берді. Қуандық Бишімбаев Қазақстан мен АҚШ арасында серіктестіктік қарым-қатынасты одан әрі дамыту бойынша тиімді механизм жөнге салынғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы тауар айналым көлемі 2015 жыл ішінде $ 1,8 млрд құрады.

Артур Лаффер экономиканың кілтті теоретикалық концепциясының бірі салық ставкалары мен нақты салық түсімі арасындағы байланысты көрсететін - «Кривой Лаффера» тұжырымдамасы бойынша жұмысы арқасында экономикада жеткен жетістігі үшін кең танылды.