Қуандық Бишімбаев және Марк Хортон Қазақстан Республикасының экономикалық даму перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Марк Хортонмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан Республикасының 2015-2016 жылдарындағы экономикалық даму перспективаларын, экономикалық саясаттың реформаларын талқылады.

Атап айтқанда, Қуандық Бишімбаев Қазақстанның ағымдағы макроэкономикалық жағдайы және бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспары шеңберінде жүргізіліп отырған реформалары туралы мәлімдеді.

Кездесу барысында сонымен қатар салықтық-бюджеттік саясат және жекешелендіру мәселелері талқыланды.

2016 жылғы 24 мамырда IX Астана экономикалық форумы шеңберінде Орталық Азия, Кавказ, Еуразиялық аймақ елдері көшбасшыларының қатысуымен Халықаралық Валюта Қорының аймақтық конференциясы өтетінін еске саламыз.