«Теплосервис-Ақсу» КМК 2016 жылғы жылу энергиясымен жабдықтау, бөлу мен тарату қызметтерінің қорытындысы бойынша ақпарат

«Теплосервис-Ақсу» КМК 2016 жылғы

жылу энергиясымен жабдықтау, бөлу мен тарату

қызметтерінің қорытындысы бойынша ақпарат

2016 жылы ұзындығы 1708,5м болатын диаметрі әртүрлі жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жоспарда 1,494м болса, жалпы жоспарланған көлемнен 102,8% орындалды.

Қарастырылған тарифтегі шығындарға сәйкес өз күшімен кәсіпорын жыл сайын 2 км-ге жуық жылу трассасына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

2016 жылы қазан айында Горький көшесі бойынша диаметрі 400 мм ТК190-дан ТК-430-ға дейін ұзындығы 144 м болатын жылу трассасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақсу қаласында ұзындығы 950 м, диаметрі 800мм жылу желілері (2-кезең НП-1 (РОК-2)-ден ТК-1, ТК-80-ге дейін) қайта жөнделді. Нысан пайдалануға берілді.

2016 жылы Ақсу қаласы мен кентінде ұзындығы 700 метр, сомасы 15 489 454 теңге жылу трассасына жөндеу жүргізілді. Жұмыстың орындалуы 100% құрайды. 2016 жылдың екінші жартыжылдығында ОЖП-4 және жылу желілері өтетін орнына күрделі жөндеу жүргізілді. Инвестициялық бағдарламаның орындалуы 99,4% құрады. Ағымдағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде 0,6% үнемделді.

Ақсу қаласы мен кенті бойынша жылу энергиясын тарату көлемі 357,355 мың Гкал, Ақсу кенті тұтынушыларын жылумен жабдықтау көлемі 17,163 тыс. Гкал.

2016 жылы 1 қаңтардан бастап келесі тарифтер енгізілді:

- жылу энергиясын тасымалдау бойынша қызмет көрсету көлемі 749,66 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз)

- Ақсу кенті тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсету – 01 қаңтардан бастап - 1422,77 тенге/Гкал, 01 сәуірден - 1783,05 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Жылу энергиясын бөлу мен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден түскен табыс 296241 мың теңге.

Негізгі қызметпен байланысты шығыстар 291489 мың теңгені құрады.

Кіріс – 4752 мың теңгені құрады.

Тарифтік сметаны орындау талдамасы нақты шығыстардың барлығы бірдей бекітілген тарифтік сметамен сәйкес келе бермейтінін көрсетті. Бұл коммуналдық қызмет, байланыс қызметі тарифтерінің, сонымен қатар өнім берушілердің қызмет құнының өсуімен байланысты. Осыған байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Павлодар облысы бойынша бәскекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу бойынша Комитеті Департаментінің 22.11.16 жылғы № 186 – НҚ бұйрығымен жылу энергиясын бөлу мен тарату қызметтері бойынша тарифтік сметаға түзетулер енгізілді. Шығындар заңнаманың бабын өзгерту нәтижесінде бекітілген 5%-тен аспайды.

Кәсіпорын 2017 жылға жалпы ұзындығы 1,653м сметалық құны 36,078 млн, инвестициялық бағдарламаға сәйкес 27566 мың теңге болатын Ақсу қаласы 5 шағын ауданындағы ТК 99-дан, ТК 64-ге дейін, ТК64, ТК 73 ТК 25А (1 кезекте) жөндеу жұмыстарын жүргізуді және жүзеге асыру бөліміне сомасы 24,5 мың теңге мобильді посттерминалды алу жоспарланып отыр.

«Теплосервис-Ақсу» КМК

«Теплосервис-Ақсу» КМК 2016 жылғы жылу энергиясымен жабдықтау, бөлу мен тарату қызметтерінің қорытындысы бойынша ақпарат ( перейти )