«Теплосервис-Ақсу» КМК 2016 жылғы жылу энергиясымен жабдықтау, бөлу мен тарату қызметтерінің қорытындысы бойынша ақпарат

«Теплосервис-Ақсу» КМК 2016 жылғы

жылу энергиясымен жабдықтау, бөлу мен тарату

қызметтерінің қорытындысы бойынша ақпарат

«Теплосервис-Ақсу» КМК табиғи монополиялардың субъектісі ретінде Ақсу қаласы және Ақсу кенті тұтынушыларына жылумен жабдықтау, бөлу мен тарату қызметтерін көрсетеді.

«ТҰК» Казхром» АФЗ филиалына тиесілі РОК-2 Ақсу қаласын жылумен жабдықтау көзі болып табылады. Қала бойынша жылу желілерінің ұзындығы 71139 м, соның ішінде

- жер үстілік төсемелер - 38910,5 м

- жер астылық төсемелер - 32228,5 м

Жылу желілерінің құбыр желілері пайдалануға 1965 жылдан бастап берілген.. Жылумен жабдықтау жүйесі жабық.

Кәсіпорын көрсететін қызметтер:

- Ақсу қаласы бойынша жылу энергиясын бөлу мен тарату,

- Ақсу кенті бойынша жылумен жабдықтау, бөлу мен тарату.

«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы электростанциясы Ақсу кентінің жылумен жабдықтау көзі болып болып табылады. Жылу желілері трасса бойынша ұзындығы 7893 м құрайды, оның ішінде

- жер астылық төсемелер – 4646м

- жер үстілік төсемелер - 3247 м

Барлық жылу желілері мемлекеттің меншігі болып табылады. Біздің кәсіпорынның міндеті жылу желілері жабдықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, қызмет көрсету, сынақтар өткізу болып табылады.

2016 жылы ұзындығы 1708,5м болатын диаметрі әртүрлі жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жоспарда 1,494м болса, жалпы жоспарланған көлемнен 102,8% орындалды:

- жылуды бөлу бойынша - 1602 м;

- ыстық сумен жабдықтау бойынша - 106,5 м

Қарастырылған тарифтегі шығындарға сәйкес өз күшімен кәсіпорын жыл сайын 2 км-ге жуық жылу трассасына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

2016 жылы қазанда Горький көшесі бойынша диаметрі 400 мм ТК190-дан ТК-430-ға дейін ұзындығы 144 м болатын жылу трассасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 12 қазанда аяқталды.

Ақсу қаласында ұзындығы 950 м, диаметрі 800мм жылу желілері (2-кезең НП-1 (РОК-2)-ден ТК-1, ТК-80-ге дейін) қайта жөнделді. Нысан пайдалануға берілген.

Күрделі жөндеуді жүргізгеннен және инженерлік желілерді қайта жөндегеннен кейін апаттық жағдай айтарлықтай төмендеді, тұтынушылар санын көбейту мүмкіндігі пайда болды, нақтырақ, 2016 жылы ішінде 27 нысанға жылу желілерін жобалауға техникалық шарттар берілді.

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес (ҚР Ұлттық экономика министрлігі Павлодар облысы бойынша бәскекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу бойынша Комитеті Департаментінің түзету туралы 20.07.16 жылғы № 94 – НҚ бұйрығы) 2016 жылы Ақсу қаласы мен кентінде ұзындығы 700 метр, сомасы 15 489 454 теңге жылу трассасына жөндеу жүргізілді. Бұл жобаны жүзеге асыру Ақсу қаласы мен кентін жылу энергиясымен үздіксіз жабдықтауға мүмкіндік берді және апаттық жағдайлардың орын алу ықтималдығын төмендетті. 2016 жылы шілдеден қазанға дейінгі кезеңде жылу желілерін жөндеу бойынша барлық жұмыстар толығымен аяқталды. Жұмыстың орындалуы 100% құрайды. 2016 жылдың екінші жартыжылдығында ОЖП-4 және жылу желілері өтетін орнына күрделі жөндеу жүргізілді.

Сметаның құны 3 819 941 теңгені және сәйкесінше 8 257 065 теңгені құрады. Алайда, нақты жұмсалған қаржы сомасы жоғарыдағы сомадан төмен болды. Бекітілген бағдарламамен салыстырғанда техникалық қадағалауға төменірек бағадағы (өтетін орын бойынша 43 500 теңге, ал ОЖП-4 бойынша 109 800 теңге) мемлекеттік сатып алулар келісім-шарттарын жасасу нәтижесінде үнемдеу сомасы 153 300 теңгеге жетті. Жалпы инвестициялық бағдарламалардың орындалуы 99,4 % болды.

2016 жылғы өндірістік қызмет қорытындысы бойынша

Ақсу қаласы мен кенті бойынша жылу энергиясын тарату көлемі 357,355 мың Гкал, Ақсу кенті тұтынушыларын жылумен жабдықтау көлемі 17,163 тыс. Гкал

2016 жылы 1 қаңтардан бастап келесі тарифтер енгізілді:

- жылу энергиясын тасымалдау бойынша қызмет көрсету көлемі 749,66 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз)

- Ақсу кенті тұтынушыларын жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсету – 01 қаңтардан бастап - 1422,77 тенге/Гкал, 1 сәуірден - 1783,05 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Есептік кезеңдегі жүзеге асырылған барлық қызмет көлемі 357355 гкал, соның ішінде жылуды бөлу мен тарату бойынша 340192, жылумен жабдықтау қызметінің көлемі 17163 болды.

Жылу энергиясын бөлу мен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден түскен табыс 296241 мың теңге.

Негізгі қызметпен байланысты шығыстар 291489 мың теңгені құрады.

Кіріс – 4752 мың теңгені құрады.

Тарифтік сметаны орындау талдамасы нақты шығыстардың барлығы бірдей бекітілген тарифтік сметамен сәйкес келе бермейтінін көрсетті. Бұл коммуналдық қызмет, байланыс қызметі тарифтерінің, сонымен қатар өнім берушілердің қызмет құнының өсуімен байланысты. Осыған байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Павлодар облысы бойынша бәскекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу бойынша Комитеті Департаментінің 22.11.16 жылғы № 186 – НҚ бұйрығымен жылу энергиясын бөлу мен тарату қызметтері бойынша тарифтік сметаға түзетулер енгізілді. Шығындар заңнаманың бабындағы өзгертулер нәтижесінде бекітілген 5%-тен аспайды.

Халықтың әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған тобында 31.12.2016 жылы көрсеткіш бойынша қарыз көлемі төмендегідей болды:

- жұмыссыздар - 805 мың теңге,

- зейнеткерлер – 126,7 мың теңге.

Осы қарыздарды қайтару үшін әлеуметтік қызметпен бірге жұмыстар атқарылып жатыр. Солай 2016 жыл тұрғын-үй дотациясына 744,3 мың теңге бөлінді.

2016 жылы сотқа сомасы 2138 мың теңге 91 талап-арыз беріліп, 71 талап-арыз бойынша сомасы - 1472 мың теңге қайтарылды.

Кәсіпорын 2017 жылға жалпы ұзындығы 1,653м сметалық құны 36,078 млн, инвестициялық бағдарламаға сәйкес 27566 мың теңге болатын Ақсу қаласы 5 шағын ауданындағы ТК 99-дан, ТК 64-ге дейін, ТК64, ТК 73 ТК 25А (1 кезекте) жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жүзеге асыру бөліміне сомасы 24,5 мың теңге мобильді посттерминалды алу жоспарланып отыр.