Республика экономикасында 2016 жылғы сәуірде, бағалау бойынша 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,2 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 73,4%) құрады.
2016 жылғы I тоқсан1) деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 81,2%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 18,8% құрады.
2016 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 439,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2016 жылғы сәуір айының соңына 74,7 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8%-ын құрады.
Бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы I тоқсанда экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын (45,2 мың адам) құрады.
¹⁾ Кеңейтілген желі бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу қорытындыларының деректері.
¹⁾ Бағалау.
Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.
Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.