Қуандық Бишімбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін басқарды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігінің ұжымына жаңа тағайындалған министр - Қуандық Бишімбаевты таныстырды.

Қуандық Бишімбаев Қазақ Мемлекеттік Басқарма Академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон атындағы Университеті жанындағы Менеджмент және Бизнес Мектебін (АҚШ), М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірді.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан даму банкі» АҚ бас менеджері ретінде бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Ұлттық инновациялық қоры», «Маркетингтік және талдаулық зерттеулер орталығы», «Ордабасы» Корпорациясы» акционерлік қоғамдарында, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары басшылық қызметтерін атқарған.

2013 – 2016 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холднигі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.