Астанада «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды

«Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілер көрмесінің аясында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Азамат Ойнаров пен «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қаныш Тілеушин ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің ықпалын арттыра отырып, жеке инвесторлар қаржысын ел экономикасының ең тиімді салаларына салуға ықпал етуге бағытталған. Сонымен қатар бұрыннан қалыптасып қалған көлік жолы құрылысы, газ құбырын тарту, аурухана, мектеп құрылысын жүргізуден бөлек, осы нысандарға техникалық қызмет көрсететін және оларды қайта жабдықтайтын бизнеске басым бағыт беру де құжатта нақты көрсетілген.

«Бұл жобалар мен қызметті осыған дейін мемлекет өзі атқарып келді. Егер жеке бизнесті осы жобаларға тиімді тарта білсек оның бірнеше тиімділігі болады. Бірінші – жұмыс сапасы мен өнімділігі арттады. Себебі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында кәсіпкер толық жауапкершілікті өз мойнына алады. Инвесторлар ондай жобаның тиімді жұмыс істеуіне барынша мүдделі болады. Екіншіден - жаһандық дағдарыс жағдайында кәсіпкерлер нақты келісім-шарт аясында өз міндетін нақтылап, іс жүргізуге кіріседі. Үшіншіден – бюджеттің шығыны азайып, оған инвестор өз қаржысын құяды»,- деп Азамат Рысқұлұлы келісімнің маңыздылығын жиында атап өтті.

Бұл ынтымақтастық жеке инвесторларды экономиканың мынадай басым бағыттарына тартуға ықпал жасайды:

- мектепке дейінгі білім (балабақшалар);

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (көшені жарықтандыру жүйесі);

- дене шынықтыру және спорт (сауықтыру және спорт нысандары);

- денсаулық (дәрігерлік амбулатория, емханалар мен медициналық орталықтар).

Меморандум шартына сәйкес ынтымақтастық жолында тараптар маңызды бағыттарды айқындап, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті аясындағы қаржыландыру механизмін іске асыра отырып , мемлекеттің орта және шағын бизнесты қолдау мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалануға әрекет жасайды. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мына тәсілдері іске асырылмақ:

- жоспарлау – байқау-мемлекеттік-жекеменшікәріптестік аясында келісім-шарт жасау;

- мемлекеттік-жекеменшікәріптестікаясындакелісім-шартжасау– қаржылық шығын – құрылыс;

- нысанды пайдалану кезеңі.

«Даму»кәсіпкерліктідамытуқоры» нақты мына бағыттар бойынша қолдау жасайды:

- субсидиялау;

- кепілдендіру;

- бағдарламалық қаржыландыру;

-жұмыс жүргізуге кеткен шығындарды өтеу;

- инвестордың қызметін пайдалану кепілдемесі;

- жал ақысын өтеу;

- тиімді басқаруды ынталандыру.

Меморандумға сәйкес кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар аясында пайыздық үлесі жеңілдетілген несие алуға және «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өз қаржысы есебінен қолдау көрсетеді.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асатын дәл осы нақты әрекеттер шағын және орта бизнес нысандарының қаржылық әл-ауқатын арттырып, жұмысын тұрақтандырады»,- деп басқарма басшысы Азамат Ойнаров өз баяндамасын қорытты.