2016 жылғы 25 мамырда Астана экономикалық форумы шеңберінде «Қазақстандық өсу стратегиясы» сессиясы өтеді

2016 жылғы 25 мамырда Тәуелсіздік сарайында Астана экономикалық форумы шеңберінде «Қазақстандық өсу стратегиясы» сессиясы өтеді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Дүниежүзілік банкімен бірге 2016 жылғы Астана экономикалық форумы шеңберінде «Қазақстандық өсу стратегиясы» сессиясын өткізеді.

Сессияға

- Лаффер қисығын ашқаны үшін әлемге танымал болған американдық экономист Артур Лаффер,

- экономика саласы бойынша 2010 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Кристофер Писсаридес,

- - Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский (1995-2005 жж.), ф

- ранцуздық экономист және жазушы, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірінші президенті Жак Аттали (1991-1993 жж.) қатысады.

Қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы өндіріс және сауда шарттары тез өзгеру үстінде, осыған байланысты Қазақстан жаңа сын-тегеуріндерге тап болуда. Сол себептен Қазақстан үшін орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатымен орташа мерзімді даму бағдарламаларды қайта жасақтау әрі жоғары деңгейлі экономикалық және әлеуметтік әл-ауқаты бар елдер санатына көшу маңызды саналады.

Астана экономикалық форумының жыл сайынғы диалогтық алаңында, сарапшылар мен саясаткерлер ортасында тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар, өзге елдердің, әсіресе шикізатты экспорттаудың үлкен үлесіне ие мемлекеттердің экономикалық өсуінің заманауи трендтері және экономикалық даму үлгілері, сонымен қатар, жаңа экономикалық реалиялардағы экономикалық өсуді ынталандырудың механизмдері талқыланады. Талқылауға жоспарланған мәселелер әлемдік нарықтың барлық қатысушылары үшін өзекті болып саналады және орнықты экономикалық даму механизмдерін жетілдіру жолында жаңа серпін береді.

Әлемдік экономиканың заманауи сын-тегеуріндерін талқылау және тәжірибе алмастыру нәтижелері – Қазақстандағы орташа мерзімді өсу стратегиясына қатысты сараптамалық пікірлер мен түсіндірмелер алу, орташа мерзімді перспективада мемлекеттің орнықты өсу қарқындарын қамтамасыз ету мақсатымен экономикалық реформаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасау, сондай-ақ, экономикалық өсуді стратегиялық жоспарлау саласында тәжірибе және білім алмасу үшін сарапшылар арасындағы байланыстарды ары қарай нығайту.