2016 жылғы 25 мамырда АЭФ аясында «Өсудің жаңа үлгісін іздеу жолында» атты семинар өтеді

2016 жылғы 25 мамырда Тәуелсіздік сарайында АЭФ аясында «Өсудің жаңа үлгісін іздеу жолында» атты семинар өтеді

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ЭЗИ), Біріккен Вена институты (БВИ)

Мақсаты: Қазақстан және Орталық Азия аймағындағы қазіргі экономикалық жағдайды талқылау және талдау, орташа мерзімді перспективада әлеуетті экономикалық өсуді арттыру мақсатымен құрылымдық рефоормаларды жүргізу бойынша басым бағыттарды анықтау.

Міндеттері:

• Қарқынды өзгермелі жаһандық ортада аймақтың экономикалық үдерістерін талдау (макроэкономикалық жағдай);

• Әлеуеттік өсуді арттыру және экономикалық даму қарқындарын жеделдетуде құрылымдық реформалардың басым бағыттарын және рөлдерін анықтау.

• Қазақстанда және аймақта құрылымдық реформалар бойынша стратегиялық ұсынымдар әзірлеу.

Талқыланатын негізгі мәселелер:

· Қазақстан және аймақтың экономикалық дамуының қазіргі үлгісі «конвергенция» әлеуетін тауысты. Экономикадағы дағдарыс құбылыстарының алдын алу үшін қандай құрылымдық реформалар көмектеседі?

· Құрылымдық реформаларды енгізу жолында қандай негізгі кедергілер кездеседі?

· Қазақстан және аймақ үшін қандай құрылымдық реформалар басымдырақ болып саналады?

Сессия: Қазақстан және аймақ өсуінің жаңа үлгісі

Сессияның негізгі баяндамашысы:

Модератор:

Норберт Функе, Біріккен Вена институтының директоры

Джеффри Сакс, Колумбия Университеті Жер Институтының директоры

Панельдік пікірсайыстың қатысушылары:

Эрик Берглоф, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі Жаһандық мәселелер институтының директоры

Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

Юха Кяхконен, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері Департаменті директорының орынбасары

Воркшоп: Аймақта экономикалық өсуді жаңарту үшін құрылымдық реформаларды енгізу

Негізгі баяндамашылар:

Әсет Ирғалиев, ЭЗИ Басқарма Төрағасы

Норберт Функе, БВИ директоры

Пікірсайыс үйлестірушілері:

Әсел Исакова, БВИ экономисі

Айгүл Көшербаева, Өңірлік даму және бәсекелестікті зерттеу орталығының директоры (ЭЗИ)

Салтанат Кәменова, Кәсіпкерлікті дамыту орталығы директорының орынбасары (ЭЗИ)

Маттео Ланзафаме, Мессина Университетінің экономисі, Италия

Воркшоп жұмысына қатысуға ықылас танытқандар 2016 жылдың 19 мамырына дейін akhayev@forum-astana.org электронды мекенжайына өтінім жіберулері қажет. Өтініш, аты-жөніңіз, лауазымыңыз және лауазымдық міндеттеріңіздің қысқаша сипаттамасы қамтылған ақпарат жіберіңіздер (ең көбі 100 сөз).

Күтілетін нәтижелер:

• Мемлекеттік қызметкерлер, аймақтан келетін сарапшылар және зерттеушілердің қатысуымен өтетін интерактивті семинар (воркшоп) барысында ОАК/ТМД елдерінде құрылымдық реформалар басымдылықтарын талқылау және білім деңгейін арттыру.

• Сессия үйлестірушілерінің қолдауымен құрылымдық реформалардың бағыттары бойынша стратегиялық ұсынымдарды әзірлеу және жариялау.