Тимур Жақсылықов пен Тоиво Клаар Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов пен Еуропалық қызметтің сыртқы іс-әрекеттер басшысы Тиво Клаардың басшылық етуімен Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестициялар, энергетика және көлік бойынша кіші комитеттің (Кіші комитет) 16-отырысы өтті.

Тараптар екіжақты сауда, Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесiн беру, Қазақстанның ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелері, тауарлардың қатар импорты, сондай-ақ инвестиция саласындағы соңғы үрдістері, энергетика және көлік секторларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тимур Жақсылықов, Еуропалық Одақ – Қазақстан Республикасының маңызды сауда және инвестициялық серіктестіктерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Вице-министр: «Екіжақты ынтымақтастықты арттыру әлеуетін ескере отырып, бүгінгі Кіші комитеттің отырысы Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынын» – айтты.

Анықтама: Кіші комитет Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік ынтымақтастығы, сондай-ақ, энергетика және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің шеңбері бойынша стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайту және әртараптандыру бойынша маңызды тетігі болып табылады.