Ерболат Досаев және Эвалдас Густас Қазақстан мен Литваның сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Литва Республикасының шаруашылық министрі Эвалдас Густаспен кездесу өткізді.

Тараптар екі елдің экономикалық ынтымақтастығының перспективасын талқылады.

Келіссөздер нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және Литва Республикасының Шаруашылық министрлігінің арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі елдің арасындағы тауар айналым 2015 жылы $ 321,7 млн. құрады.