2016 жылғы қаңтар-наурыздағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 99,4%-ды құрды

Экономикалық сектор. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-наурызда 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 99,4% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2016 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1157 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 15,7% артық.

2016 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4058 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,8% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,3% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,5% төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі* 317,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,9% артты.

2016 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,1%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 118,7 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,3% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 60,8 млрд. жкм құрап, 1% артты.

2016 жылғы қаңтар-наурызда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 95,7%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-наурызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 94%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 1535,2 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 96,9% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 3308,6 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 92,6% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымы 8809,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-ақпанмен салыстырғанда 34,4% төмендеді, соның ішінде экспорт – 5588,9 млн. АҚШ долларын (34,6% аз), импорт – 3220,2 млн. АҚШ долларын құрады (34,1% аз).

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 366169 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,5% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 357051 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 227862 құрады, оның ішінде 219083 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы наурызда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 3,2%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 3,1%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы наурызда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 3,3% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2016 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 70136 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы ақпанға қарағанда 13,8% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,2% төмендеді.

2016 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 133922 теңгені құрады.

2016 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 455,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы наурыздың соңына 69 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8%.

*2016 жылғы қаңтар-ақпандағы деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 9 қарашадағы №175 бұйрығымен бекітілген «Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесіне» сәйкес қайта саналды.