Сенат ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы ҚР офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ұсынды. Министр аталмыш келісімнің ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы офистерінің тиімді қызмет атқаруына тиісті жағдайлар жасайтынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Дүниежүзілік экономикалық форумды өткізу кезінде 2016 жылы 21 қаңтарда Давос қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк арасында Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойылды.

Аталған Келісім алдыңғы 1994 жылғы Алматы қаласында тұрақты өкілдік құру туралы келісімді алмастырады.

2001 жылы Астана қаласында офис ашылғаннан кейін Алматы қаласындағы офис Өңірлік өкілдік мәртебесін алды және қазіргі таңда Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша қызметін қамтамасыз етеді.

Ерболат Досаев, жаңа келісім Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы барлық кеңселерінің және қызметкерлерінің Қазақстан Республикасымен 2004 жылы ратификацияланған Келісім баптарының VII-бабына сәйкес мақсаттарын, мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін анықтайтынын атады.

Дүниежүзілік Банктің қызметкерлеріне тең құқықтар беру мақсатында, жаңа Келісімге сәйкес, олардың азаматтығына қарамастан артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік Банктің жергілікті қызметкерлеріне Қазақстанмен 2004 жылы ратификацияланған Келісім Баптарында көзделмеген жалақыдан салық және басқа да әлеуметтік аударымдарға иммунитеттер беріледі.

Бұл артықшылықтар Орталық Азия бойынша өңірлік офис ретінде Дүниежүзілік Банк офистері мәртебесінің кеңеюімен және ұйым мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы сенім деңгейінің өсуіне байланысты.

Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығы кезінде

Министр: «Дүниежүзілік Банк 6,8 млрд.-тан астам АҚШ долларын инвестициялады», - деп айтты.

Бұл қаражат жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білім және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуға, кедендік және салықтық әкімшілендіру жүйелерін оңтайландыруға және қоршаған ортаны қорғауға қалпына келтіруге бағытталды.

2014 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылды, оның шеңберінде 2016-2021 жылдары жалпы құны 4,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын, оның ішінде 4,3 млрд. АҚШ доллары Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп қаржыландырылатын бірлескен жобалар іске асырылатын болады.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев сөзін аяқтай келе: «Дүниежүзілік Банкпен тығыз ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан Дүниежүзілік Банк инвестицияларын тарту сомалары бойынша Еуропа және Орталық Азиядағы ең ірі ел болып отыр»,- деп айтты.