Мәжіліс ҚР Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі Марат Құсайынов «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ұсынды. Бірінші вице-министр жаңа келісім Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы барлық кеңселерінің және қызметкерлерінің Қазақстан Республикасымен 2004 жылы ратификацияланған Келісім баптарына (Жарлық) сәйкес мақсаттарын, мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін анықтайтынын атап өтті.

Марат Құсайынов, Қазақстан Еуропа және Орталық Азиядағы Дүниежүзілік Банк инвестицияларын аумақ бойынша ең ірі көлемін тартқан ел екенін айтты.

Қазақстан мен Дүниежүзілік Банк арасындағы ынтымақтастығын әрі қарай нығайту үшін 2016 жылы 21 қаңтарда Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форумын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік банкі арасындағы Қазақстан Республикасында кеңселер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойылды.

Аталған Келісім алдыңғы 1994 жылғы Алматы қаласында тұрақты өкілдік құру туралы келісімді алмастырады.

2001 жылы Астана қаласында өкілдік ашылғаннан кейін Алматы қаласындағы офис Аумақтық офис мәртебесіне иеленіп қазіргі таңда Дүниежүзілік банкінің Орталық Азиядағы қызметін қамтамасыз етеді.

1992 жылдан бері Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық уақыты ішінде Дүниежүзілік Банк 6,8 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция жасады. Бұл қаражат жол және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнес бәсекелестігін арттыруға, білім және денсаулық жүйелерін жаңғыртуға, кедендік және салықтық жүйелерін әкімшілендіруін оңтайландыруға және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесуге бағытталды.

Марат Құсайынов: «Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы инвестициялық қызметінің жарқын мысалы болып «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі табылады», - деп айтты.

2014 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы 2016-2021 жылдары жалпы құны 4,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын, оның ішінде 4,3 млрд. АҚШ доллары Дүниежүзілік Банк есебінен қаржы бөлінетін бірлескен жобалар іске асыруды көздейтін Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

2015 жылы, жалпы құны 293 млн. АҚШ долларын құрайтын 1) Өнімді инновацияларды ынталандыру; 2) Шағын және орта бизнестің бәсекелестігін арттыру; 3) Еңбек дағдыларын және жұмыс орындарын дамытусияқты алғашқы 3 жобаҚР Парламентімен ратификацияланды.

Одан басқа, 2015 жылы Дүниежүзілік банкпен 1 млрд. АҚШ долл. бюджет тапшылығын өтеуге арналған қарыздың бірінші траншы мақұлданды. 1 млрд. АҚШ долл. сомасын құрайтын қарыздың екінші траншы 2016 жылғы шілде айында мақұлдануы жоспарланып отыр.

Осы жылы 1,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын 1) «Орталық – Батыс» коридорының Астана-Бейнеу учаскесін қайта құру, 2) Әлеуметтік медициналық сақтандыру және
3) Білім жүйесін жаңғырту секілді қосымша 3 жобаны ратифакиялауға енгізу жоспарлануда.