Ақмола облысында Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексінің жаңа нормалары

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ақмола облысының әкімдігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Жер кодексінің және басқа заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану, құрылыс саласындағы жаңа енгізілімдер, сондай-ақ салық заңнамасына енгізілетін жоспарланған өзгерістер сияқты мәселелер талқыланды.

ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұловтың айтуынша ауыл шаруашылық жүргізу үшін ұсынылған жердің жалпы ауданы қазіргі уақытта 100,8 млн.га құрайды, бұл ретте, ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің тек 1,3% (1,3 млн.га) жеке меншікте.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-36 қадамдарын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке берудің жаңа механизмін еңгізу мақстында Қазақстан Республикасының «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңы қабылданды, ол 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жер кодексіне енгізілген түзетулер көздейді:

1. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке аукцион арқылы беру.

Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен аукцион арқылы мына ретпен беріледі.

Бірінші кезекте – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.

Егер екі аукционның қорытындылары бойынша учаске сатылмаса, онда ол учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады.

2. Жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну.

Бұл норма қазіргі жалға алушылардың мүдделерін ескереді және оларға бұдан бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы, олардың кадастрлық құнының 50 % мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық береді.

Сонымен қатар, жер учаскенің сатып-алу шарттын жасаған, бірақ осы Заңды енгізгенге дейін, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді төлеу мерзімін ұзартып немесе жеңілдік бағамен сатып алған оның кадастрлық (бағалау) құнының 50 % кем емес төлемдерді төлеген тұлғаларда жердің иелері болады.

Бұдан басқа, жер үлестерін шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген жер үлестері иелерінің құқықтарын қорғайтын норма көзделген.

3. Жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау.

Ұсынылып отырған норма жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.

4. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.

Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады.

«Аталған шаралар ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді нарықтық айналымға еңгізу үшін қажетті жағдайлар туғызады, жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жер пайдаланушылардың жауапкершілігі мен ынтасын көтереді» - атап өтті Бауыржан Смағұлов.

Бұдан бөлек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 44-45 қадамдарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде салық жүйесін түбегейлі реформалау көзделген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы» (Салық-кеден кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын әзірлеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-нің, ҮЕҰ-нің және бизнес ұйымдарының өкілдері кірді.

Жұмыс тобы мемлекет үшін де, салық төлеушілер үшін де экономикалық тиімділігін ескере отырып, сатудан алынатын салықты қолданудың әлемдік тәжірибесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізуде, шағын бизнес үшін патент және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін реформалау мәселелері пысықталуда, сондай-ақ қолданыстағы салық жеңілдіктері мен салықтық және кедендік үрдістерін әкімшілендіру тетігіне талдау жасалуда.

Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Салық-кеден кодексінің жобасы тамыз айында Парламентке енгізілетін болады.