Алматыда ҚР бизнес климаттын жақсарту мәселелері талқыланды

Алматыда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасыдағы бизнес климатты жақсарту реформалары бойынша кеңесі өтті.

Кеңеске ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, сондай-ақ, бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кеңес қатысушылары «Doing Business» рейтингісінің индикаторлары қимасындағы реформаларын, ҚР бизнес климатты жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстарды талқылады.

Тимур Жақсылықов, «Кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының шеңберінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның орнын жақсартуға бағытталған түзетілер қабылданғанын атап өтті.

Бұл Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі орнын жақсартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің 4 пакеті. 3 кодеске және 7 заңға түзетілер енгізілді. Оның ішінде индикаторлар бойынша: «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Төлем қабілетсіздігін шешу», «Несие алу», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу», «Меншікті тіркеу», «Салық салу», «Халықаралық сауда».

«Негізгі тірек миноритарлық инвесторларды қорғауға бағытталады. Мысалы, дауыстардың жалпы санынан барлығы он және одан артық пайызы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушыларына кезектен тыс жалпы жиналыс шақыру құқығы беріледі» - деді вице-министр.

Сонымен қатар, қоғамның бес және одан артық пайыз акциясы бар иеленуші өздігінен немесе жалпы акционерлер жиналысы күн тәртібіне қосымша мәселелер еңгізу құқығы ұсынылады.

Анықтамалы:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы Елбасымен 2016 жылғы 29 наурызда қол қойылды.