2016 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында инфляция 3% құрады

2016 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында
инфляция 3% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда (2016 жылғы наурыз 2015 жылғы желтоқсанға) 3,2%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, ақылы қызметтерге – 3,1%-ға өсті.

пайызбен, өсуі

2016 жылғы наурыз

2016 жылғы қаңтар-наурыз 2015 жылғы қаңтар-наурызға

2016 жылғы

ақпанға

2015 жылғы

желтоқсанға

2015 жылғы

наурызға

2010 жылғы

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,5

3,0

15,7

49,8

15,1

Азық-түлік тауарлары

0,5

3,2

12,7

46,8

12,2

Азық-түлік емес тауарлар

0,9

2,6

26,5

52,6

25,2

Ақылы қызметтер

0,3

3,1

9,1

50,2

8,9

Ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы наурыз 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі қантқа 10,2%, қара шайға – 9,7%, жаңа жиналған көкөністерге – 7,5%, жармаларға – 6,7%-ға, нанға, күнбағыс майына, жаңа жиналған жемістерге – 6,3%-дан, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 5,2%, макарон өнімдеріне – 4,7%, кондитерлік өнімдерге – 4,6%, мәйекті ірімшікке – 4,3%, салқындатылған сусындарға – 4%, консервіленген сүтке – 3,4%, сүзбеге – 3,3%, құс етіне – 3,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 2,8%, жұмыртқаға – 2,7%, балық және теңіз өнімдеріне – 2,4%, шұжық, ет өнімдеріне – 1,9%, 1 сұрыпты ұнға – 1,7%-ға белгіленді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 9,5%, тұрмыстық аспаптарға – 5%, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға – 4,2%, тоқыма бұйымдарына – 4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,8%, жеке қолданатын тауарларға – 3,7%, автомобильдерге – 3,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 3,4%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 2,1%, киім және аяқ киімге – 1,9% құрады. Баға бензинге 1,5%-ға төмендеді, ал дизель отынына – 0,7%-ға жоғарылады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 4%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 2,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының – 1,6%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 10,8%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне – 6,3%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 1,8%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,4%, орталықтан жылытуға – 7%, қоқыс шығаруға – 6,8%, ыстық суға – 6,7%-ға, электр энергиясына, суық суға – 4,4%-дан, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%-ға жоғарылады.

01.04.2016.jpg

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2016 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 36,7%, азық–түлік емес тауарлар – 31,4%, ақылы қызметтер – 31,9%–ды құрады.