Сенат тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономиканың министрі Ерболат Досаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Министр заң жобасымен саланы реттеу қағидаттарын айқындауды, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа пәрменді тетіктерін құруға және қолданыстағыларды жетілдіруді, сондай-ақ тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің рөлін күшейтуді көздейтінін атап өтті.

Заң жобасында 1985 жылғы 9 сәуірде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін басшылыққа алынатын қағидаттарға» негізделген тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын реттеу қағидаттары айқындалған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың пәрменді тетіктерін құру мақсатында:

1. Тауарларды сатуға, қайтаруға және ауыстыруға қойылатын талаптарды жетілдіру көзделеді. Атап айтқанда тұтынушының тауардың кемшілігіне қатысты талаптарды қою мерзімдері белгіленеді, тауардың кемшіліктерін жою мерзімдерін нақтылау, тиісті сападағы емес тауарды ауыстыру;

2. Жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жағдайларын нақтылау, оның ішінде орындаушының қасақана жасырған кемшіліктері анықталған жағдайда талаптар қою мерзімдерін ұлғайту;

3. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын нақты шарттарды айқындау көзделеді. (Анықтама үшін:

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің рөлін күшейту үшін ұсынылып отырған заң жобасында олардың өкілеттіктерін кеңейту көзделген, оның ішінде:

1. Тиісті мемлекеттік органдарға қауіпсіздік және сапа жөнінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шығаруға және өткізуге кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін ақпаратты енгізу;

2. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері болып табылмайтын тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олардың мүдделерінде талап қою;

3.Тұтынушы мен сатушы (орындаушы, дайындаушы) арасындағы жанжалдарды шешу кезінде медиация процесінде өз мүшелері арқылы тұтынушылардың мүдделерін білдіру көзделген.

Мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында заң жобасында:

- тұтынушыларды қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың рөлін күшейту;

- тұтынушылардың шағымдарына жартыжылдық, жылдық талдау жүргізу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органның қызметіне жыл сайын талдау жүргізу;

- одан әрі Мемлекет басшысына беру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті жасау;

- тұтынушыларды ақпараттандыруды, консультация беруді және сауаттандыруды жүзеге асыру тиімділігін арттыру;

- тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың белгісіз тобының мүдделері бойынша сотқа жүгіну көзделеді.

Заң жобасын қабылдау тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін институционалдық күшейтуге, тұтынушылар мен кәсіпкерлер мүдделерінің теңесуіне, азаматтардың тұтынушылық құқықтарын қоғамдық бірлестіктердің тиімді қорғауына, тұтынушылардың құқықтық сауаттылық деңгейінің артуына алып келеді.