Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы айтты

«Индустрияландыру және экономикалық өсу» атты үшінші реформа шеңберінде «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асыру мақсатында 2016 жылы 152 нормативтік құқықтық акт, оның ішінде 2 кодекс пен 4 заң әзірленіп, қабылданады. Ол туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты.

Ерболат Досаев «Индустрияландыру және экономикалық өсу» атты үшінші реформа шеңберінде 2015 жылы 30 заң мен
289 заңға тәуелді акт қабылданып, бұл жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған іс-шараларды іс жүзінде іске асыруды бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

1. Жер қатынастары және құрылыс (35,36,46-49-қадамдар)

1) Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру мақсатында жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы
1 шілдеден бастап аукциондар арқылы сауда-саттыққа
1,7 млн. гектарды шығаратын болады. Олардың 645,4 мың гектары (1271 учаске) бүгінгі күнге дайын.

Қазіргі жалға алушыларға жерді сатып алуға 10 жылға бөліп төлеу арқылы, оның кадастрлық құнының
50% мөлшерінде жеңілдіктер берілетін болады.

Жердің кадастрлық құны аукционге шығаралатын жер учаскесінің бастапқы бағасы болып табылады.

Бүгінгі күннің өзінде-ақ 454 жер пайдаланушы (108,2 мың га) жалға алынған жерлерді жеке меншікке сатып алуға өтінімдер беріп отыр.

2) Құрылыс саласында бастапқы-рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдері 40 күннен 17 жұмыс күніне дейін, эскизді жобаны келісу 60 күннен 15 жұмыс күніне дейін түбегейлі қысқартылды, құрылыстың басталуы туралы хабарламаны 1 күн ішінде (электронды түрде) беру қамтамасыз етілді, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап сараптамалық жұмыстардың
50 пайызы нарыққа берілді және жеке сараптамалық ұйымдармен жүргізіледі, ресурстық әдіс енгізілді және Еурокодтар жүйесіне ауысу басталды.

2. Фискалдық саясат (38-45-қадамдар)

1) Сыртқы сауданы жүргізу рәсімдерін жеңілдету мақсатында экспорттық-импорттық операцияларды жасау кезіндегі құжаттар саны қысқартылды, тауарларды экспорттау кезінде – 3 құжат, импорттау кезінде – 4 құжат. Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тәуекел деңгейі төмен, орта және жоғары 3 (үш) санатын енгізе отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың тәсілдері қайта қаралды. Қаржы министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесе Посткедендік ресімдеу бойынша «300 ірі салық төлеушіге арналған жасыл дәліз» пилоттық жобасын іске асырды.

2) Заңдастыру бойынша 2016 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша 1 220,8 млрд. теңге сомасына 81,7 мың өтініш түсті, олардың ішінде 997,4 млрд. теңге заңдастырылды, оның ішінде сомасы 384,9 млрд. теңге ақша, 612,5 млрд. теңге сомасына 76,7 мың объект пен бағалы қағаздар заңдастырылды.

Бұл жерде айта кететін жайт, заңдастыруды белсендіру бойынша қосымша шаралар қабылдағанға дейін (2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін) барлығы 425 млрд. теңге заңдастырылған болса, ал 2016 жылғы 18 наурызына өткен 15 айдағы акция уақытында заңдастырылған сомадаға қарағанда 572,4 млрд. теңге немесе 134,6% (пайыз) қосымша заңдастырылды.

3. Электр энергетикасы (50-52-қадамдар)

1) Электр энергетикасы туралы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес қуаттылық нарығы мен Қуатты бірыңғай сатып алушы моделін енгізу 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты, энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтер шамасы 2015 жылғы деңгейде сақталды.

2) Электр желілерін тарату компанияларын ірілетуге бағытталған заң жобасы мемлекеттік органдарда келісу сатысында. Лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды ірілетуге мүмкіндік беретін өзгерістер әзірленді. Аталған нормативтік құқықтық актілер 2016 жылдың соңына дейін қабылданатын болады.

4. Монополияға қарсы саясат (53-қадам)

Монополияға қарсы реттеу саласын реформалау шеңберінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Доминанттар тізілімі 914 нарық субъектісінен 254 субъектіге дейін қысқарды. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл Тізілім жойылатын болады.

Мемлекет қатысатын (50% астам) заңды тұлғалардың (АҚ, ЖШС) қызметі түрлерінің тізбесін қабылдау жолымен кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуы
47%-ға қысқарды.

Реформаның екінші кезеңін іске асыру үшін 2016 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Бәсекелестік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленіп енгізілді.

5. Индустрияландыру (55-56, 56.1, 56.2, 56.3, 56.4, 57, 59, 60, 61, 62-қадамдар)

1) Экономикалық ынтымастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап инвесторларға 350-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған «бір терезе» іске қосылды. Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңес құрылды. Осыған ұқсас кеңестер әкімдердің басшылығымен барлық өңірлерде құрылып, ХҚКО-ларда Инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылды.

2) 2015 жылы «зәкірлік инвесторлар» мен ТҰК қатысуымен жалпы сомасы 130 млн. АҚШ долларына 4 жаңа өндіріс іске қосылып, жалпы сомасы 113 млн. АҚШ долларына 6 компания кері инвестицияланды. Фармацевтикада, агроөнеркәсіптік кешенде, тау-кен-металлургия кешенінде, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісінде «Зәкірлік инвесторлар» мен ТҰК қатысуымен 2,2 млрд. АҚШ долларына 16 жобаны тарту мен іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

3) Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі саласындағы стратегиялық әріптес – DENA агенттігімен (Германия) жұмыс басталды. 2016 жылы «Қазпочта» АҚ мен «Led System Media» ЖШС арасында бастапқы энергия сервисінің шартына қол қойылды. 115 энергосервистік компанияларының Реестрі құралды.

4) Ақмола облысында сүт өңдеу зауытын және 2 сүт-тауар фермасын салуға Meggle (Германия) және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жалпы инвестициялар көлемі 66 млрд. теңге қуаттылығы жылына 37 мың тонна ет өнімін шығаратын ет комбинаттарын салуға «Inalca Eurasia» (Италия), «RifaHoldingGruop» (ҚХР) стратегиялық инвесторлары тартылды.

5) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тамақ өнеркәсібінде (16 компания), машина жасауда (6 компания) және құрылыс материалдары өндірісінде (5 компания) «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын іске асыруда.

6. Көлік инфрақұрылымы (58, 65-68, 73-қадамдар)

1) «Еуразиялық трансконтиненталдық дәліз» мультимодальдық көлік дәлізін құру шеңберінде Ляньюньган қаласының портында халықаралық Логистикалық аймақ құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Қатысушы елдердің (Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Қытай) теміржол әкімшілігі мен сауда порттары бар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі үйлестіру комитеті (Консорциум) құрылды.

2) Азаматтық авиацияда Еуроодақ стандарттарын енгізу үшін Британдық азаматтық авиация агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Еуропалық комиссия 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Эйр Астана» авиакомпаниясынан Еуроодақ елдеріне ұшу бойынша барлық шектеулерді алып тастады.

7. Ғылымды қажет ететін экономика (63, 64-қадамдар)

1) «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры McKinsey 50% инвестициясымен және Google мен Materia Ink корпорациясының қатысуымен 2016 жылдың соңына дейін Тау-кен металлургия кешені мен Жаңа материалдар бойынша 2 технология орталығын құру бойынша жұмысты бастады.

Назарбаев Университетте «Астана бизнес-кампустың» бірінші кезегін салу басталды.

2) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» жаңа Заң шеңберінде ғылыми жобаларды іске асыру және оларды коммерцияландырудың бірыңғай жүйесінде білім және ғылым, инвестициялар және даму министрліктерінің рөлдері нақты айқындалды.

Отандық ғылыми-зерттеу институттарының 5 ғылыми жұмыстарын коммерцияландыру бойынша жобаны іске асыру басталды.

8. «Астана» халықаралық қаржы орталығы
(70, 71, 72-қадамдар)

2015 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» акционерлік қоғамын құрды және Дубай халықаралық қаржы орталығымен, CityUK (Лондон-Сити) британдық корпорациямен, Катар қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады.

9. Жер қойнауын пайдалану ( 74,75-қадамдар)

2015 жылғы желтоқсанда жаңа ресурстық база құру шеңберінде оңайлатылған тәсіл бойынша аукциондар арқылы
38 учаске өткізілді және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін сауда-саттыққа тағы да 100 учаске шығарылады. Австралиялық тәсілмен жер қойнауын пайдалануға 10 үлгілік келісімшарт жасалды.

10. Әлеуметтік жаңғырту (76 – 84-қадамдар)

1) 2016 жылғы 1-қыркүйектен 12 жылдық білім беруге көшу мақсатында елдің барлық мектептерінде 1-ші сыныптар үшін бастауыш мектептің 24 оқу бағдарламалары, негізгі мектеп және жоғары сыныптар мектебінің 84 оқу бағдарламалары әзірленді, 22 әдістемелік құралдар және жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері үшін 31 ұсынымдар дайындалды. Бүгінгі таңда елдің 117 білім беру ұйымы үштілді білім беруді іске асырды.

Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кадрларын даярлау үшін 11 базалық жоғары оқу орындары 78 шетел университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасты.

2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім беруге көшу шеңберінде Дүниежүзілік банктің «Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту» жобасы бойынша 6 колледж 425 млн. теңге сомаға грант алды.

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында халықаралық консультанттарды тарту және ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу арқылы дайындық іс-шаралары іске асырылуда.

Медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу үшін, Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссия құрылды, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 7 стандарты және 160 клиникалық хаттама әзірленді.

3) Жаңа Еңбек кодексі шеңберінде еңбек қатынастарын ырықтандыру мақсатында жұмыскерлерге ең төменгі еңбек стандарттары, базалық кепілдіктер мен өтемақылар белгіленді. Бүгінгі күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде.

4) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу үшін «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 4,3 мың адамға шартты ақшалай көмек тағайындалды, жоба қатысушысының жан басына шаққандағы орташа табысы 2 еседен артыққа ұлғайды, аз қамтылған отбасыларына арналған атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік балалар жәрдемақысы, тұтастай алғанда, ел бойынша – тиісінше 31,8%-ға және 2,1%-ға қысқарды.

Пилоттық жоба 2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Ақмола және Жамбыл облыстарында, 2015 жылдан бастап еліміздің 16 өңірінің 87 ауданында іске асырылуда. 2016-2017 жылдары барлық өңірінің барлық ауданына таралатын болады.