2016 жылғы қаңтар-ақпандағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 99,5%-ды құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 99,5% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 601,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,1% артық.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2604,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 0,3% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,8% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,4%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,3% төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 285,3 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,1% артты.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 78,6 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,1% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 40,5 млрд. жкм құрап, 1,2% артты.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 96%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 93,7%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 985 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95,7% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 2085,6 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 4319,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтармен салыстырғанда 42,3% төмендеді, соның ішінде экспорт – 2752,8 млн. АҚШ долларын (42,6% аз), импорт – 1566,7 млн. АҚШ долларын құрады (41,6% аз).

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 364238 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 355084 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 226340 құрады, оның ішінде 217526 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 2,7%, азық-түлік емес тауарларына – 1,8%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 2,8%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,1% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2016 жылғы қаңтарда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 68176 теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтарға қарағанда 10,4% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,5% төмендеді.

2016 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 127004 теңгені құрады.

2016 жылғы ақпанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 456,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы ақпанның соңына 65,9 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%.