Ерболат Досаев және Мустафа Камал Мадбули Мохамед құрылыс саласында Казақстан мен Мысыр ынтымақтастығы перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мысырдың тұрғын үй құрылыс, коммуналдық шаруашылық және қалалық бірлестіктер министрі Мустафа Камал Мадбули Мохамедпен кездесу өткізді.

Министрлер құрылыс саласында, атап айтқанда құрылыс индустриясының дамуының қазақстандық тәжірибесін қатысты қазақстандық-мысырдық қатынастар дамуын талқылады.

Әңгіме барысында Мустафа Камал Мадбули Мохамед Қазақстан Республикасы құрылыс саласының реформалануын жүргізу тәжірибесін танып білуге айрықша қызығушылығын танытты.

«Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру, жобалар сараптамасын бәсекелік ортаға тапсыру, құрылыс құнын анықтаудың ресурстық әдісін, Еурокодтар жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүріп жатқанын» - Ерболат Досаев мысырлық әріптесіне хабардар етті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы сонымен қатар, Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары ішінде 106,8 млн. ш.м. тұрғын үй салынғанын, пәтерлермен миллионнан аса отбасы қамтамасыз етілгенін атап өтті.