Сенат бірінші оқылымда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі Марат Құсайынов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын ұсынды. Бірінші вице-министр, Заң жобасын қабылдау көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ескере отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту бойынша айқын тәртіпті тек қана заңдар деңгейінде орнату жолымен мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Заң жобасымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар өзгерістер енгізіледі.

1) ерекше бас тартуларды қоспағанда, біртектілігі мен реттеу нысанасы бойынша тізбесін біріздендіру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту негіздерінің біріздендірілген тізбесі белгіленеді.

2) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептері көрсетілетін жауап қайтаруды көздейтін норма енгізіледі.

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты мен регламентін әзірлеу мерзімдері бойынша қолданыстағы нормалар жетілдірілді.

Бұл ретте, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» нормалары жоғарыда аталған тәсілге сәйкестендірілген, оған сәйкес екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту заңдарда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

Заң жобасының шеңберінде «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Геодезия және картография туралы» ҚР Заңдарына енгізілетін түзетулер біріздендірілген негіздер қатарына кірмейтін, өсімдіктерді қорғау және геодезия және картография салаларындағы тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартудың ерекше негіздерінің болуына байланысты.

Ағымдағы жылғы 18 ақпандағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығын іске асыру мақсатында әзірлен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу қабылданды.

Түзетулермен Министрліктің және Ұлттық бюроның өкілеттіктері құқық қорғау органы ретінде регламенттеледі, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың кейбір олқылықтары жойылады.

Сондай-ақ, келесі түзетулер қарастырылады:

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес Министрліктің қарамағына әкімшілік құқық бұзушылықтардың, соның ішінде қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің (Ұлттық бюро) құзыретіне кіретін сыбайлас жемқорлықтың бірқатар құрамы кіретін болады.

- «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда Үкіметтің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүктеме нормативтерін анықтау тәртібін орнату бойынша құзыреті бекітіледі.

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда елдегі мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндама әзірлеу бойынша талап белгіленеді.

Сонымен қатар, құрылған Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің құзыретін айқындау бөлігіндегі бірқатар түзетулер техника-заңдық сипатта болады.