Сенат Вьетнам және ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Құсайынов «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынды. Бірінші вице-министр Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам арасындағы сауда байланыстарын дамыту мен нығайтуға ықпал етуге арналған, Келісім тауарларды өзара ілгерілету, сондай-ақ өзара инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Марат Құсайынов Вьетнаммен еркін сауда туралы келісім сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сауданы қорғау шаралары, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, саудадағы техникалық кедергілер, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, бәсекелестік, шығарылған елін айқындау қағидалары, кедендік ынтымақтастық, орнықты даму, электронды сауда және т.б. бағыттарын қамтитынын айтты.

«Вьетнамның бұл жылдам өсіп отыратын нарық және оның преференциялық қолжетімділігі Қазақстанның кәсіпкерлері мен өндірушілеріне отандық тауарларды вьетнамдық нарыққа қолайлы жағдаймен жеткізуге мүмкіндік береді» - деді Бірінші вице-министр.

Келісімнің нормаларына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам арасында тауарлардың басым бөлігіне бажсыз сауда режимі белгіленіп, кейбір тауарлар бойынша өзара саудадағы импорттық кедендік баждарды алып тастау бойынша өтпелі кезең белгіленді. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сезімтал тауарлары бойынша ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі деңгейіндегі кедендік баж сақтау түрінде алып тастаулар көзделген.

Ішкі нарықты қорғау мақсатында Келісіммен кедендік әкелім бажы мөлшерлеме көтеру түрінде өтпелі кезең ішінде (5-10 жыл) екі жақты қорғау шараларын қолдану мүмкіндігі көзделген, сондай-ақ Вьетнамнан тоқыма тауарларының және жиһаздың кейбір түрлерінің әкелім көлемін арттыру кезінде ЕАЭО импорттық кедендік баж мөлшерлемесін ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі деңгейіне дейін қалпына келтіру құқығына ие.