36 қадам. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен «100 қадам» Ұлт жоспарының 36 қадамын іске асыру мақсатында, жерлердің нарықтық айналымын белсенді ынталандыру және жер қорынын экономикалық қайтарымдылығын арттыру үшін «Қазақстан Республиканың Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы әзірленді.

Атап айтқанда, Жер кодексіне ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тастау нормасы енгізілді.

Мысалы, шаруашылық жүргізу нысанын шаруа қожалығынан ЖШС немесе АҚ, АҚ ЖШС немесе шаруа қожалығына өзгерту кезінде өздеріне тиесілі жерлердің нысаналы мақсатын өзгерту ресімі қажет етпейді, өйткені құқықтық-ұйымдастыру нысанына қарамастан бұл субъектілер ауыл шаруашылық жер пайдаланушылар болып табылады.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізумен байланысты құрылыстарды салу кезінде (мал шаруашылығы кешенін, жылы жайлар мен өндірістік типтегі көшетханалар, суландыру ғимараттары және т.б.) нысаналы мақсатын өзгертуді қажет етпейді.

Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасалады.

ҰЭМ ҚР Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директорының орынбасары Гульжахан Бимендина «осы шаралар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толыққанды нарықтық айналымға енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауы, жерді пайдаланушылардың жер ресурстарын ұтымды пайдалануы бойынша жауапкершілігі мен ынтасын арттыруы тиіс» деп түсіндірді.

Анықтама: Шаруа қожалығының саны 216,6 мың алаңы - 58,4 млн. га, ауыл шаруашылық заңды тұлғалар - 12,4 мың, алаңы - 42,4 млн.га. Оның ішінде жеке меншікте - 1,3 млн. га (1,3 %), 49 жылға дейін жалға берілген - 99,5 млн. га (98,7 %).