ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен есептік алқа мәжілісіне ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің және халықаралық ұйымдардың, видеоконференцбайланыс арқылы министрліктің өңірлерлік құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Алқа мәжілісін аша отырып, Ерболат Досаев 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігінің қызметі Қазақстан-2050 Стратегиясын, Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру тұжырымдамасын, 5 институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталғанын атап айтты.
Жылды қорытындылай келе Министр сыртқы факторлардың нашарлауы жағдайында 2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ алдын ала бағалау бойынша 1,2% өсімді құрағанын хабарлады. Осылай, ҚР ҰЭМ деректері бойынша негізгі капиталға инвестициялау 3,7%-ға өсті. Құрылыста құрылыс жұмыстарының көлемі 4,3%-ға өсуі байқалады. Ауыл шаруашылықта өндіріс 4,4%-ға ұлғайды. Қызмет көрсету саласында - 2,3%-ға өсті.
Ерболат Досаев: «Экономиканың өсуі «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырылуы, сондай-ақ, ҚР Үкіметінің жедел шаралары ықпал етті», - деп түсіндірді.
2015 жылы Министрлік жұмысының негізгі басымдылықтардың бірі Ұлт жоспарының «Индустриялау және экономикалық өсім» үшінші бағыты бойынша іске асыру болатын. Оның шеңберінде Парламент қабылдап және Елбасы қолын қойып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 30 Заң қабылданған. Сондай-ақ, жер заңнамасын жетілдіру, құрылыс және ТКШ саласында, фискалды, салық, бюджет, монополияға қарсы және жекешелендіру, мемлекеттік-жекешелік ынтымақтастық және өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша.
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын-үй инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтасық туралы шектелмелі келісімдер жүзеге асырылды.
Министрлік елдегі бизнес-климатты жақсарту, Бәсекелестік пен жеке капиталды дамыту, инвестициялық тартымдылықты арттыру және табиғи монополиялар инвестицияларын салуды ынталандыру, сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
2016 жылға қойған тапсырмалар туралы айта келе, Ерболат Досаев ағымдағы жылы Министрлік қызметі ҚР Президентінің Жолдауы, сондай-ақ, Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVII Съезінде берілген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.